ЛАТЫН ӘЛІПБИІНЕ КӨШУДЕГІ КЕЙБІР ТІЛДІК МӘСЕЛЕЛЕР 05.03.2020 МЕМЛЕКЕТТІК ӘРІ ҰЛТАРАЛЫҚ ТІЛ 05.03.2020 Қазақ тілінің білгірлері сайысында топ жарды 17.02.2020 ________________________________________________________________________________________________________________ ЕЛБАСЫ ҚАУЛЫСЫ«Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 26 қазандағы №569 Жарлығына өзгеріс енгізу туралыҚАУЛЫ ЕТЕМІН: «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 26 қазандағы №569 Жарлығына (Қазақстан Республикасы ПҮАЖ-ы, № 50-51-52, 326-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін: аталған Жарлықпен бекітілген латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиі осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. Осы Жарлық жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан РеспубликасыныңПрезиденті Н.НазарбаевАстана, Ақорда, 2018 жылғы 19 ақпан№ 637