Докторантура

Мамандық бойынша түсу емтиханы сұрақтардың үлгі тізбесі

 «Құқық қорғау қызметінің өзекті мәселелері» пәні бойынша сұрақтар (әкімшілік-құқықтық бағыт)

  1. Қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасында конституциялық заңдылықты қамтамасыз етудің негізгі бағыттары.
  2. Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдарын жаңғырту жөніндегі 2019 – 2021 жылдарға арналған Жол картасын іске асыру шеңберінде әкімшілік полицияның қызметін жетілдіру.
  3. Қазақстан Республикасында құқық бұзушылықтың алдын алудың 2020-2022 жылдарға арналған негізгі бағыттары.
  4. Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін қабылдау шеңберінде қазақстандық әкімшілік процесті жетілдіру.
  5. Ішкі істер органдарының қызметінде қоғамдық қауіпсіздікті бақылау жүйелерін қолдану: қазіргі жағдайы және даму болашағы.
  6. Электрондық форматта жүзеге асырылатын әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуді жетілдірудің мәселелері мен болашақ бағыттары.

7.Ішкі істер органдары қызметкерлерінің әкімшілік жауапкершілігі: құқықтық реттеу және құқық қолдану тәжірибесі мәселелері.

8.Жергілікті полиция қызметінде әкімшілік мәжбүрлеу шараларын қолданудың мәселелері.

9.Құқық бұзушылықтың алдын алу барысында жергілікті полиция қызметінің азаматтық қоғаммен өзара іс-қимылының мәселелері.

  1. Әкімшілік полиция жұмысының сервистік моделі: қазіргі жағдайы және даму болашағы.

«Қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңнамасын қолданудың теориясы мен практикасы» пәні бойынша сұрақтар

Қылмыстық процесса және криминалистики

      1.Қазақстан Республикасындағы заманауи қылмыстық сот ісін жүргізудің жай-күйі, оның өзгеруі мен тиімділігі туралы өзпікіріңізді баяндаңыз.

  1. Қазіргі кезеңдегі тергеушінің процесуалдық мәртебесі: 1997 жылғы Қазақстан Республикасы ҚПК-мен салыстырғанда ол қанша өзгеріске ұшырады.
  2. Қылмыстық әрекеттік немесе әрекетсіздік туралы істер бойынша сотқа дейін жүргізудің өзекті мәселелері: сіздің пікіріңіз бойынша қандай мәселелер бар және не өзгерту қажет.
  3. Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің нысандарын жетілдірудің өзекті мәселелері: қолданыстағы нысандарға негізделген баға беріңіз
  4. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруде білікті заң көмегін алуды жүзеге асырудың конституциялық құқығы: сіздің ойыңызша бұл институт қанша сапалы жұмыс істейді?

6.Қылмыстық сот ісін жүргізудің ақылға қонымды мерзімі: осы институтқа сипаттама беріңіз.

7.Сотқа дейінгі тергеу барысында туындайтын тергеу қателіктеріне сипаттама беріңіз: олардың туындау себептері мен шарттары.

  1. Сіздің ойыңызша қылмыстық процесуалдық кепілдіктері дегеніміз не және олар нені білдіреді?
  2. Сотқа дейінгі тергеу барысында шығарылған қылмыстық процесуалдық актілеріне мінездеме беріңіз.
  3. Арнайы таным мен техникалық құралдарды пайдалана отырып тергеушінің дәлелдемелерді қалыптастыру мәселелерін сипаттаңыз..

 

Қылмыстық құқығы

  1. Қылмыстық құқық бұзушылық жасау сатыларының институты: қылмыстық жауаптылықтың басталу түсінігі, түрлері, маңызы, құқық қорғау органдарының тәжірибелік қызметінде және сот тәжірибесінде қолдану мәселелері.
  2. Қазақстан Республикасының қылмыстық-құқықтық саясаты және оның қазіргі қоғамның даму кезеңіндегі дамуының негізгі тенденциялары.
  3. «Қылмыстық заң» және «қылмыстық заңнаманың» құқықтық санаттары: түсінігі, олардың өзіндік ерекшеліктері, арақатынасы, заңнамалық тұрғыда бекіту мәселелері.
  4. Криминализация және декриминализация, пенализация және депенализация: түсінігі, қазіргі қоғамдағы қоғамдық қатынастарды қылмыстық-құқықтық реттеудің тиімділігін арттыру маңызы.
  5. Қылмыстық заңнаманың нормалары: нормативтік актілерде бекіту ұғымдары, ерекшеліктері, іс-әрекет түрлері, тәртібі, қылмыстық заң нормаларының қолданылу мәселелері, қолдану сатылары, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің Жалпы бөлігінің нормалары өзгерген кезде қылмыстық заңның кері күші.
  6. Қылмыстық жаза тағайындау институты: жаза тағайындаудың жалпы бастаулары ұғымы және оларды тағайындау кезіндегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің Ерекше бөлімі бабының санкциясының рөлі, жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар, қылмыстық құқық бұзушылықтар көптігі және бірнеше рет жасалған жаза тағайындау ерекшеліктері.
  7. Қылмыстық құқық бұзушылыққа сыбайлас қатысу институты: түсінігі, сыбайлас қатысу нысандары және олардың түрлері, олардың қылмыстық жауапкершілікті саралау және дараландыру үшін маңызы, қатысушылардың шектен шығуы, құқық қорғау органдарының тәжірибелік қызметінде және сот тәжірибесінде қолдану мәселелері.
  8. Қылмыстық жауаптылықтан босату институты: жауаптылықтан босату ұғымы, негіздері мен түрлері, құқық қорғау органдарының тәжірибелік қызметінде және сот практикасында қолдану мәселелері.
  9. Кінәлінің жасы қылмыстық жауаптылықтың басталуының негізі ретінде: түсінігі, кінәлінің жасының жазаны саралау және дараландыру үшін мәні, кәмелетке толмағандарды қылмыстық жауапкершілікке тарту проблемалары.
  10. Қылмыстық құқық бұзушылық институты: түсінігі, әлеуметтік-құқықтық сипаты, қылмыстық құқық бұзушылық құрамы және олардың түрлері, қылмыстық құқық бұзушылық құрамының элементтері мен белгілерін құқық қорғау органдарының тәжірибелік қызметінде және сот тәжірибесінде анықтау мәселелері.

«Қылмыстық-атқару және пробациялық қызметті, және құқық бұзушылармен қарым-қатынас жүзеге асырудың ұйымдастырушылық-құқықтық аспектілері» пәні бойынша сұрақтар

1.Адам құқықтары туралы, сонымен қатар азаптауларға тыйым салатын халықаралық актілердің негізгі ережелері және олардың құқықбұзушылармен қарым-қатынас пен жұмысты ұйымдастыру кезіндегі маңызы.

2.Қылмыстық-атқару және пробациялық қызметті, сондай –ақ құқықбұзушылармен қарым-қатынасты жүзеге асыруды ұйымдастыруды анықтайтын халықаралық құқық нормалары мен жалпыға бірдей халықаралық қағидалар.

3.Қазақстан Республикасының қылмыстық жазалар мен өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі ережелері

4.Қылмыстық-атқару және пробациялық қызметті жүзеге асыруды және сотталғандарға қатысты түзеу шараларын қолдануды құқықтық реттеу.

5.Пробация қызметі сотқа дейінгі пробацияны жүзеге асырудың және сотталғандарды қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес қылмыстық жазаны орындаудың  ұйымдастырушылық-құқықтық аспектілері

6.Пробация қызметімен үкімдік және пенитенциарлықтан кейінгі пробацияны жүзеге асырудың және жазасын өтеу кейінге қалдырылған тұлғаларды бақылаудың ұйымдастырушылық-құқықтық аспектілері

7.Бұлтартпау шарасы ретіндегі адамдарды адамдарды қамауда ұстауды орындауды қолдану мен ұйымдастырудың құқықтық табиғаты, негіздері, қолдану тәртібі.

8.Бас бостандығынан айыру қылмыстық жазаның түрі ретінде және оның әлеуметтік-құқықтық табиғаты

  1. Бас бостандығынан айыруды өтеу жағдайлары және сотталғандарға марапаттау мен жазалау шаралары
  2. Бас бостандығынан айырудан босату, пенитенциарлық пробацияны және пенитенциарлықтан кейінгі пробацияны жүзеге асыру

 «Жоғары мектеп педагогикасы», «Ғылыми зерттеулердің әдіснамасы» пәндері бойынша сұрақтар

  1. Білім әлеуметтік-мәдени құбылыс ретінде. ҚР «Білім туралы» Заңы»
  2. Қазақстандағы құқықтық тәрбие жүйесі
  3. ҚР этномәдени білім беру тұжырымдамасы
  4. Жоғары мектептегі оқу процесінің әдіснамалық негіздері.
  5. Ведомстволық жоғары мектептің білім беру процесінде инновациялық технологияларды қолдану
  6. Жоғары мектептің оқу-тәрбие процесіндегі педагогикалық әсер және өзара іс-қимыл
  7. Жоғары мектептегі оқытушылық қызмет тиімділігінің ерекшеліктері мен өлшемдері
  8. Педагогикалық функциясы бар құқық қорғау қызметінің негізгі түрлері
  9. Құқық қорғау құрылымдарындағы педагогикалық маңызды ұйымдастырушылық факторлар
  10. Ғылыми зерттеудің әдіснамалық принциптері

11.Ғылыми зерттеудің мәні.

  1. Ғылыми танымның негізгі әдістері
  2. Эмпирикалық деңгей әдістерін қолдану техникасы мен әдістемесі
  3. Заң ғылымындағы жеке және арнайы әдістер 15.Зерттеу процесі кезеңдерінің құрылымы мен мазмұны

________________________________________________________________________

Магистратураға және PhD докторантураға түсуші үміткерлерге

Ұлттық тестілеу орталығының хатына сәйкес (шығыс. № 15-10-7-3-1192 18.06.2021 ж.) 2021 жылы шет тілінен түсу емтиханы (бұдан әрі — емтихан) электронды форматта өтеді. Осыған байланысты, магистратураға және PhD докторантураға түсуші үміткерлер Академияның қабылдау комиссиясына өтініштерін білдірмей а.ж. 15 шілдесіне дейін өз бетінше емтиханға қатысуға өтініш береді.
Оқуға түсушілер app.testcenter.kz сайт арқылы өтініш беріді. «Өтініш беру» парақшасында тестілеу форматын таңдаймыз: жоғары оқу орнынан кейінгі білім → шет тілдерінен түсу емтиханы (азаматтық емес жоғары оқу орындар). Тестілеу ақысы 6492 теңгені құрайды.
Тестілеу а.ж. 1-15 тамыз аралығында өтеді.
Емтихан тапсырғаннан кейін сертификат көшірмесін а.ж. 16 тамызына дейін Академияның қабылдау комиссиясына жіберу қажет (факс: 8-7142-26-57-40, эл. пошта: kyimjurk@mail.ru, ablai-xan@mail.ru).
Еске саламыз шет тілін меңгергендігін растайтын халықаралық жалпыеуропалық құзыреттілікке (стандарттарға) сәйкес халықаралық сертификаттары (TOEFL ITP, TOEFL IBT, TOEFL PBT, TOEFL, IELTS, IELTS, IELTS INDICATOR, CEFR, Test DaF, DSH, TFI, DELF, DALF, TCF) бар оқуға үміткерлер емтиханнан босатылады.

_________________________________________________________________________________________________________________

Құрметті PhD докторантураға оқуға түсуші кандидаттар! 

Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы (бұдан әрі — Академия) кандидаттарды PhD докторантураға оқуға түсуге шақырады.

  1. Жалпы ережелер 

Академияның PhD докторантураға оқуға кандидаттарды қабылдау емтихандарының нәтижелері бойынша конкурстық негізде жүзеге асырылады.

Академия PhD докторантурасына түсушілердің құжаттарын қабылдау жыл сайын 20 маусым мен 20 шілде аралығында жүргізіледі.

Академияның PhD докторантурасына қабылдау емтихандары жыл сайын 1 және 20 тамыз аралығында, оқуға қабылдау – 25 тамызға дейін жүргізіледі.

  1. Академияның PhD докторантураға түсу үшін құжаттарды қабылдау тәртібі.

PhD докторантураға ғылыми-педагогикалық магистратураны бітірген және «заң ғылымдарының магистрі» академиялық дәрежесі бар, құқық қорғау органдарындағы практикалық жұмыс өтілі немесе ғылыми-педагогикалық өтілі 3 жылдан кем емес ішкі істер органдарының қызметкерлері қабылданады.

Академияның PhD докторантурасына оқуға кандидаттары өз басшыларының атына еркін нысанда баянат береді ішкі істер министрінің орынбасарына, ПД, КПД, ҚАЖД, ТЖД, ІІМ білім беру ұйымының басшысына.

Академияның PhD докторантурасына оқуға кандидаттарды іріктеу үшін министрдің орынбасарының, ПД, КПД, ҚАЖД, ТЖД, және ІІМ білім беру ұйымдары бастықтарының бұйрықтарымен іріктеу комиссиялары құрылады.

Іріктеу комиссиясы PhD докторантураға қабылдау жоспарын басшылыққа ала отырып, оқуға кандидаттарға ұсынылған құжаттарды зерделейді, оқуға кандидаттардың қабылдау шарттарына сәйкестігін анықтайды.

Кадр қызметтері Академияға PhD докторантураға оқуға кандидаттардың мынадай құжаттарын жолдайды:

  • жеке ісі;
  • оқу ісі, ол:
  • оқуға кандидаттың еркін нысандағы баянатынан; қызметтің соңғы кезеңі бойынша қызметтік мінездеме және аттестаттау парағынан;
  • іріктеу комиссиясының оқуға жіберу туралы шешімінің көшірмесінен;
  • жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесінен;
  • білімі туралы құжаттың көшірмесінен;
  • шетел тілі бойынша тесттерді тапсырғаны туралы сертификаттың көшірмесінен (олар бар болса);
  • кадрларды есепке алу бойынша жеке іс парағынан;
  • өлшемі 3х4 сантиметр алты фотосуреттен;
  • 086-У медициналық анықтамадан;
  • Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асырып жатқан Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің арнаулы оқу орындарына оқуға қабылдау қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша болжамды отандық немесе шетелдік ғылыми консультанттармен келісілген жоспарланған диссертациялық зерттеулер негіздемесінен;
  • ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімінен (олар бар болса) тұрады.
  1. Қабылдау емтихандарын өткізу тәртібі 

Академияның PhD докторантурасына оқуға түсетін кандидаттар:

  • таңдауы бойынша бір шет тілінен (ағылшын, француз, неміс);
  • мамандық бойынша қабылдау емтихандарын тапсырады.

Мынадай емтихандар бойынша:

  • ағылшын тілі: Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm (TOEFL ITP – кемінде 460 балл), Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm Internet-based Test (TOEFL IBT, шекті балл – кемінде 87), (TOEFL, шекті балл — кемінде 560 балл), International English Language Tests System (IELTS, шекті балл – кемінде 6.0);
    —  неміс тілі: Deutsche Sprachprьfung fur den Hochschulzugang (DSH, Niveau C1/С1 деңгейі), TestDaF-Prufung (Niveau C1/С1 деңгейі);
    —  француз тілі: Test de Francais International™ (TFI – оқу және тындалым секциялары бойынша B1 деңгейден төмен емес), Diplome d’Etudes en Langue francaisе (DELF, В2 деңгейі), Diplome Approfondi de Langue francaisе (DALF, С1 деңгейі), Тest de connaissance du francais (TCF – кемінде 400 балл) бойынша Шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттеріне (стандарттарына) сәйкес шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификаттары бар оқуға кандидаттар магистратураға шет тілі бойынша қабылдау емтиханынан босатылады.

Шет тілдері бойынша қабылдау емтихандары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығы әзірлеген технология бойынша өткізіледі.

PhD докторантураға түсушілер үшін мамандық бойынша емтихан білімінің алдыңғы білім деңгейінің білім беру бағдарламалары көлемінде өткізіледі. Мамандық бойынша қабылдау емтиханын өткізу нысанын жоғары оқу орны дербес айқындайды.

Қабылдау емтихандарын қайта тапсыруға жол берілмейді.

  1. Академияның PhD докторантурасына қабылдау. 

PhD докторанттар қатарына қабылдауды Академияның қабылдау комиссиясы конкурстық негізде жүзеге асырады.

Академияның PhD докторантурасына мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға қабылдау емтихандарының жиынтығы бойынша бағалаудың 100 балдық шкаласы бойынша 150 балдан кем емес анағұрлым жоғары балл жинаған оқуға кандидаттар қабылданады.

Шет тілі (ағылшын, француз, неміс) бойынша тест тапсырғаны туралы сертификаты бар оқуға кандидаттарға бағалаудың 100 балдық шкаласы бойынша ең жоғары балл қосылады.

Конкурстық балдардың көрсеткіштері бірдей болған жағдайда қабылдау кезінде басым құқық мамандық бойынша ең жоғары баға алған оқуға кандидаттарға беріледі, егер мамандық бойынша қабылдау емтихандарының көрсеткіштері бірдей болған жағдайда басым құқық мемлекеттік, орыс және шет тілдері бойынша ең жоғары баға алған кандидаттарға беріледі. Содан соң таңдаған мамандығының бейініне сәйкес ғылыми жетістіктері ескеріледі.

Қабылдау комиссиясының шешімі негізінде Академияның бастығы оқуға кандидаттарды ішкі істер органдарынан жоғары оқу орнының қарамағына жіберу үшін негіз болып табылатын Академия PhD докторантурасына қабылдау туралы бұйрық шығарады.

НОРМАТИВТІК ҚҰЖАТТАР:

Кешенді тестілеуді өткізу қағидаларын бекіту туралы

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асырып жатқан Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің арнаулы оқу орындарына оқуға қабылдау қағидалары

Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидалары