Қайырымдылық

2019 ж.мурағат:
_______________________________________________________________________

Академиямен «Дельфин» бөбектер үйіне, Қостанай қалалық № 2 түзету мектеп-интернатына шефтік көмегі көрсетіледі.Бұл тыңдаушыларға зор тәрбиелік ықпалын тигізеді.
Академия тыңдаушылары, аналарының еркелетуі мен жылылығын көрмеген балаларға деген қамқорлығын көрсетіп, көктем-жаз кездерінде балалар алаңшаларын көркейтеді, аумақты көгалдандыруға  көмек көрсетеді, қыста қар жинайды.

Академия қызметкері мен тыңдаушылары «Мектепке жол», «Қамқорлық» атты акцияларға қатысып, қамқорлықсыз қалған балаларға жылы киімді, ойыншықтарды жинап және басқа материалдық көмек көрсетеді. Бұл тәрбие жұмысы бағытында жанжақты дамыған, тек қана арнайы пәндер бойынша білім алуымен шектелмей, жанашырлық пен рахымшылыққа ішкі істер органдарының қызметкерін дайындауына жол ашады.Академия Қостанай қалалық № 2 түзету мектеп-интернатымен жылы, достық қарым-қатынаста. Мектеп-интернаттың тәрбиеленушілерімен алғашқы танысуы 2010 жылы жазда жас жауынгер курсын өткенде болды.


Түзету мектеп-интернатының ұжымы кез-келген бастаманы ашық көңілімен қарсы алады.
Қазақстан Республикасының конституциясы күнін, балаларларды қорғау күнiн  тойлауының шеңберінде бірлескен мәдени-көпшілік және спорт шараларын өткізу дәстүрге айналған.
Балаларларға колдан келерлік көмектi көрсету, тыңдаушылардың күшімен көрсеткен концерттік бағдарламалар және балалармен жиi өтетін қарым-қатынастары, тыңдаушыларға ұмытылмас әсер етеді, отбасылық өмiрдiң құндылығын қалыптастырады.

_______________________________________________________________________

С Днем пожилого человека
20.01.2020

4-курс курсанттарының Атырау облысы Полиция департаментінің Кадр саясаты басқармасы қызметкерімен кездесуі 17.01.2020

Социально-культурное развитие курсантов в условиях
досуговой деятельности 09.01.2020

Психология апталығы 06.01.2020