Әр түрлі жылдардағы ҒЗО басшылары

НАЗМЫШЕВ РАХМАДИ АЙТЫШЕВИЧ

2005.07. – 2007.10. ж.ж.

2003 жылы КазГЗУ жанындағы докторлық диссертациясын қорғау жөніндегі біріккен халықаралық кеңесінде заң ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін диссертациясын ойдағыдай қорғады. Қазақстан Республикасы БжҒМ-нің шешімімен оған доцент ғылыми атағы беріліді. Диссертациялық жұмысы аясында алғашқы рет Қазақстанда компьютерлік ақпарат саласында жасалатын қылмыстарын тергеу әдісін әзірлеп, оны практикаға және теорияға енгізді. 2005 ж. шілде айынан бастап – 2007 ж. қазан айына дейін Ғылыми-зерттеу орталығының бастығы болып жұмысын атқарған уақытында, ҒЗО-ның құрылуы барысында жақсы ұйымдастырушылық қабілетін, адамдармен жұмыс істеу шеберлігін көрсетіп  жеке үлесін қосты. Алдына қойылған міндеттерін орындауда, өзінің жеке уақытымен санаспай жұмысын атқарды. Оның тікелей басшылығымен әр түрлі ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілген және жүргізілуде, сонымен бірге, Қазақстан Республикасының заң жобаларының сараптамаларын жүргізуге және әзірлеуге белсенді қатысқан.

Қазақстан Республикасы заңнамасын дамыту Тұжырымдамасының, «Дознание в ОВД» курсы бойынша типтік оқу бағдарламасының (бұл бағдарлама Қазақстан Республикасы БжҒМ ОӘБ-нің сараптамасын өтті және республиканың барлық ЖОО-да қолданады) және Қазақстан Республикасы ҚАК Түсініктемесінің авторларының бірі болып табылады.

Ғылыми-зерттеу қызметінің бағыттары бойынша 50-ден астам жарияланған ғылыми жұмыстары бар. «Правовые и организационные аспекты ресоциализации лиц, освобожденных из мест лишения свободы» атты зерттеудің пилотаждық бағдарламасы әзірленіп, қолданысқа енгізілді.

 

 

ИБРАЕВ АМАНБЕК ЗАКИРОВИЧ

2007.10. – 2008.05. ж.ж.
1983 жылы КСРО ІІМ Шымкент арнайы орта мектебін, 1994 жылы Ресейдегі ІІМ Санкт-Петербург заң институтын бітірді. Білімі бойынша мамандығы: құқықтану. Ғылыми дәрежесі: заң ғылымдарының кандидаты, доцент. 2007 ж. қазан айымен – 2008 ж. мамыр айы аралығында Ғылыми-зерттеу орталығының бастығы болып жұмысын атқарған уақытында, Ғылыми-зерттеу орталығының дамуына баға жетпес үлесін қосты.
Үкіметтік наградасы, «Ерен еңбегі үшін» медалі бар. Ұйымдастырушылық қабілетімен иемденген. 80-нен астам жарияланған ғылыми жұмыстары мен басылымдарының, әдістемелік ұсынымдардың, ғылыми еңбектер мен материалдар жинақтарының авторы, соның ішінде бірлескен авторлығында.
Ғылыми қызығушылық пен зерттеулердің саласы:

Конституциялық құқық, қылмыстық құқық және криминология, әкімшілік құқық және әкімшілік қызмет.
Жұмыс барысында Қазақстан Республикасы ІІМ қызметіндегі ғылыми-зерттеу сауалдарын шешуге алғыр кәсіби ұжымын құруға тырысты.

 


БАЙЗАКОВА ГУЛЬСУМ МУРАТОВНА

2008.07. – 2010.11. ж.ж.

1989 жылы Челябі мемлекеттік мәдени институтын бітірді, білімі бойынша мамандығы: Кітапханатану және библиография. 1999 жылы А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін бітірді, білімі бойынша мамандығы: Құқықтану. 2008 жылы заң ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін кандидаттық диссертациясын ойдағыдай қорғады, мамандығы: Қылмыстық құқық және криминология; қылмыстық-атқару құқығы. Диссертация тақырыбы: «Применение оружия как квалифицирующий признак насильственных преступлений». 2008 ж. шілде айымен – 2010 ж. қараша айы аралығында ҒЗИ лабораториясының бастығы болып жұмысын атқарған уақытында, бұрын алған білімі мен тәжірибесін күнделікті өмірде қолданып, Ғылыми-зерттеу орталығының ғылыми қызметкерлеріне табыс етті.

Ғылыми қызығушылық пен зерттеулердің саласы:

Қарулы қылмыстарды ескерту, қылмыстық-атқару жүйесіндегі суицидты ескерту, қылмыстық жазасын өтеп жүрген тұлғаларын ресоциализациялау, сыбайласу нысанын ұйымдастырғаны үшін  қылмыстық жауаптылықтың заңнамалық бекіту проблемалары.

30-дан астам ғылыми мақалалардың, 1 оқу құралы және монографияның авторы болып табылады, соның ішінде:

«Применение оружия как квалифицирующий признак преступлений» Монография – LAP LAMBERT Academic Pulishing. – Saarbruckeh, 2013.

«Уголовное право Республики Казахстан. Общая часть» Конспект-оқулығы. – Қостанай, 2011. – 324 б. (Бірлескен авторлығында Г.-Г.С. Абилгазин, А.Б. Бекмагамбетов, П.В. Волошин, И.В. Корзун.)

 


КОРЗУН ИГОРЬ ВАЛЕРЬЕВИЧ

2009.04. – 2010.08. ж.ж.

Отандық ғылымның шебері. 1987 жылы КСРО ІІМ Қарағанды жоғарғы мектебін бітірді.

2001 жылы заң ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін докторлық диссертациясын ойдағыдай қорғады. Диссертация тақырыбы «Теоретические и прикладные проблемы социально-правового контроля и предупреждения преступности среди женщин». «Всероссийский НИИ МВД России» мемлекеттік мекемесінде қорғады, профессор. 2009 жылдың сәуір айымен — 2010 жылдың тамыз айы аралығында Академияның ҒЗИ лабораториясының бастығы болып жұмысын атқарған уақытында заңжобалар жұмысына қатысып, оның дамуына маңызды үлесін қосты. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігіне 10 жыл» медалімен марапатталған.

Әйел қылмыстылығын зерделеу мамандығымен айналысты. Орта деңгейлі бөлек ғылыми теориясының қалаушысы болып табылады (феминокриминология, пенитенциарлы феминокриминология, пенитенциарлы суицидология). Қылмыстық әділеті аясында құқық қорғау, құқық қолданбалы және құқық шығармашылығы сұрағы бойынша, сонымен бірге Конституциялық реформалау контекстісіндегі мемлекеттік құрылысы бойынша бірқатар еңбектері бар.

Ғылыми қызығушылық пен зерттеулердің саласы:

Қылмыстық құқық, қылмыстық-атқару құқығы және криминология, әйел қылмыстылығы.

130-дан астам ғылыми мақалалардың, оқу құралдардың және монографиялардың авторы болып табылады.

 


КИМ ДМИТРИЙ АЛЕКСАНДРОВИЧ

2011.06. – 2013.04. ж.ж.

ІІМ жүйесінде 1995 жылдан бастап қызметін атқарады. Ғылыми-зерттеу орталығында 2011 жылдың маусымынан 2013 жылдың сәуіріне дейін жұмысын атқарды. 2010 жылы заң ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін диссертациясын қорғады.

ҒЗО-да жұмысын атқарған уақытында 40-тан астам ғылыми мақалаларын дайындап жариялады.

2011 жылдан бастап қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазалардың орындалуын ғылыми қамтамасыз ету жөніндегі лабораториясын басқарды. Ғылыми-зерттеу жұмыстарын өткізу барысындаАкадемияның және лабораторияның авторлық ұжымдарының қызметін ұйымдастырып, тікілей қатысты.

Қазақстан республикасының заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстарын және жобаларын әзірлеу бойынша авторлық ұжымының мүшесі және әзірлеушісі болып табылады, соның ішінде:

Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының кадрлық саясат тұжырымдамасы, — Астана, 2013.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексіне түсініктемесі, — Астана, 2014. 536 б.

Қылмыстық-атқару инспекциясының пробация қызметінің қызметін регламенттейтін, Қазақстан Республикасының нормативті құқықтық актілер жинағы, — Қостанай, 2014. – 92 б.

 


ЕЛЕШОВ ТОБЫЛЖАН РУСТЕМОВИЧ

2013.12. – 2015.01. ж.ж.
Ішкі істер органында 1996 жылдан бастап қызметін атқарады. 2010 жылы Қазақстан Республикасы ІІМ Алматы академиясында заң ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін кандидаттық диссертациясын ойдағыдай қорғады. Диссертация тақырыбы «Профилактика преступного насилия среди осужденных в условиях исправительного учреждения».
Елеулі практикалық және теориялық тәжерибесі бар және ұйымдастырушылық қабілетімен иеленген. 2013 жылдың желтоқсанынан 2015 жылдың қаңтарына дейін Академияның ҒЗО бастығы болып жұмысын атқарған уақытында қылмыстық-атқару жүйесі және криминологиясы, ғылым және білім беру аясында бірқатар заңжобаларын әзірлеумен айналысты. Жұмысқа шығармашылықпен және жауаптылықпен қарады.

30-дан астам ғылыми мақалалардың авторы болып табылады. Бас бостандығынан айыру орындарындағы зорлықты ескерту саласындағы қоғамдық қатынастарды зерттеді. Түзеу мекемелеріндегі сотталғандардың арасындағы зорлықты ескерту мүмкіндігі мен қабылдау туралы пенитенциарлы мекемелерінің әкімшілігіне ұсынымдарын және ұсыныстарын өндеп шығарды. Сотталғандардың арасындағы зорлықтың табиғаты мен себептері, соның ішінде қылмыстық жауапкершілігін еліктірмегендері айқындалды.

 


ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСТЫҒЫ

КУЛЬДИНОВА САЛТАНАТ КАЛЬБЕКОВНА

2015.01. — 2016.04. ж.ж.

Ғылыми дәрежесі – заң ғылымдарының кандидаты. Диссертация тақырыбы: «Уничтожение или повреждение чужого имущества: вопросы квалификации и предупреждения» (мамандығы — 12.00.08), Қазақстан Республикасы ІІМ Академиясында ОД 14.20.10 диссертациялық кеңесінде қорғалған (2010 жылғы 23 сәуір Алматы қ.).

Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарында 2002 жылдан бастап қызмет атқарады, 2006 жылға дейін Қостанай облысы ІІД-нің Рудный қ. ҚІІБ ТБ аға тергеуші лауазымында жұмыс атқарды.

2006-2009 жылдары Қазақстан Республикасы ІІМ Академиясының күндізгі оқыту Адъюнктурасында Адъюнкті. Адъюнктураны бітірген соң, Қазақстан Республикасы ІІМ Алматы академиясының қылмыстық-құқықтық ғылымы және криминология кафедрасының оқытушысы, қылмыстық құқық және криминология кафедрасының аға оқытушысы.

2013 жылдан бастап, Қазақстан Республикасы ІІМ Ақтөбе заң институтының Ғылыми кеңесінде Ғылыми хатшысы (Ақтөбе қ.)

2015 жылдың қаңтар айынан бастап, Ғылыми-зерттеу орталығының бастығы болып қазіргі уақытқа дейін жұмысын атқарып келеді.

Ғылыми зерттеу облысы – жеке меншігіне қарсы қылмыстармен, экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстылығының қылмыстық-құқықтық және криминологиялық аспектісі. Бір оқу құралының және монографияның, 20-дан астам ғылыми мақалаларының авторы болып табылады.