Жетекшілер кеңесі

Жетекшілер кеңесі Жоғары оқу орнындағы тәрбие процесін басқару жүйесіне кіретін, оқу топтары жетекшілерінің оқу-әдістемелік және ұйымдастырушылық жұмысын үйлестіретін кеңесші орган болып табылады. Жетекшілік кеңесі әлеуметтік және азаматтық даму басқармасының құрылымына кіреді.
Жетекшілер кеңесі қызметінің басты мақсаты – жетекшілердің тиімді қызметін ұйымдастыру мен үйлестіруді қамтамасыз ету, жетекшілер мен студенттер арасындағы өзара іс-қимыл, жетекшілік жұмыс сапасына мониторинг жүргізу арқылы Академия білім алушыларымен идеологиялық және тәрбие жұмысының әдістемелік және ұйымдастырушылық компоненттерінің сапасы мен тиімділігін жетілдіру және арттыру.

Жетекшілер кеңесінің жұмысын Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы бастығының орынбасары, полиция полковнигі Қаппасов Ербол Төлегенұлы басқарады, ол төраға болып табылады.

2020 жылдың ақпан айынан бастап Жетекшілер кеңесі төрағасының орынбасары жалпы құқықтық пәндер кафедрасының аға оқытушысы, полиция майоры Ақылбекова Әсел Батырбайқызы болып табылады.
Жыл сайын Академия бастығының бұйрығымен қызметкерлердің жеке ерекшеліктері мен педагогикалық қызметінің тәжірибесін ескере отырып, профессорлық-оқытушылық құрам қатарынан оқу топтарының жетекшілері бекітіледі. Жетекшінің жұмысы жоспарлы негізде жүзеге асырылады.
Жетекші жетекшілік күнделігін жүргізуіне жауап береді, ол жетекшілік ететін топтағы курсанттармен және тыңдаушылармен барлық қызмет түрлері бойынша ұйымдастырушылық, ғылыми-әдістемелік, талдамалық жұмысты көрсететін негізгі есептік құжат болып табылады. Оқу топтары жетекшілерінің қызметі келесі міндеттерді шешуге бағытталған:
— оқуға саналы көзқарасты қалыптастыру, тыңдаушылардың тәртіп пен заңдылықты сақтауы;
— мәдениеттің адамгершілік, саяси, құқықтық, эстетикалық, еңбек, физикалық және басқа да аспектілерін қамтитын тыңдаушының көпмәдениетті тұлғасын қалыптастыру;
— құқық қорғау органдарында жұмыс істеу үшін тыңдаушының жеке басының кәсіби қасиеттерін дамыту;
— курсанттар мен тыңдаушылардың жеке қасиеттерін, олардың өмір сүру, оқу жағдайларын зерттеу, ата-аналармен байланыс орнату және қолдау;
— ұйымшыл ұжым құру, оқу тобында қолайлы моральдық-психологиялық атмосфераны қалыптастыру.
Жыл бойы кеңес отырыстары өткізіледі, онда оқу топтарындағы тәрбие жұмысының жай-күйі және моральдық-психологиялық ахуал туралы мәселелер қаралады, жалпы академиялық мәдени-бұқаралық іс-шараларға қатысу, курсанттармен және тыңдаушылармен жеке-тәрбиелік әңгімелер өткізу, тұрғын үй-тұрмыстық жағдаймен танысу, күн тәртібі мен қызметтік тәртіпті сақтау мақсатында Академия аумағынан тыс жерде тұратын курсантарға бару.

Апта сайын жұма күндері жетекшілік сағаттар өткізіледі, онда Академияның қоғамдық өміріндегі курсанттар мен тыңдаушылардың үлгерімі, қызметтік тәртіпті сақтау, жұмыспен қамту және басқа да мәселелер талқыланады. Демалыс және мереке күндері курсанттар мен тыңдаушылардың бос уақытын ұйымдастыру мақсатында оқу топтарының жетекшілері мұражайларға, театрларға, кинотеатрларға және мәдени демалыс орындарына ұжымдық шығу жолдарын ұйымдастырады. Оқу топтары жетекшілерінің жұмысын жандандыру және жетілдіру, тәжірибемен алмасу, жетекшілердің курсанттармен және тыңдаушылармен өткізілетін жұмысындағы инновациялық тәсілдерді анықтау және тәжірибеге енгізу, қызметкерлердің осы қызмет түріне қызығушылығы мақсатында жыл сайын «Жылдың үздік жетекшісі» байқауы өткізіледі.

Жыл сайын идеологиялық жұмыс бөлімінің қызметкерлерімен және оқу топтарының кураторларымен бірлесіп Күзгі бал өткізу ұйымдастырылады

Жетекшімен  бірге мұз спорт сарайына шығу Жетекшімен  бірге мұз спорт сарайына шығу

Жетекшімен  бірге Қазақстан кинотеатрына бару 

Тәжірибелік қызметкерлермен кездесу

Идеологиялық жұмыс бөлімшесімен бірігіп оқу топтарының жетекшілері оқу орынның тарихымен танысу үшін Академия

 мұражайына экскурсиялар ұйымдастырады

Милиция генерал-лейтенанты Қабылбаев Шырақбек Қабылбайұлының 111 жылдығына арналған курсанттардың кездесуі

Курсанттарда адамгершілік, рухани және мәдени құндылықтарды, этикалық нормаларды және қоғамдағы жалпы қабылданған мінез-құлық ережелерін қалыптастыру мақсатында орыс драма театрына бару.

 Қостанай облыстық И.Омаров атындағы  қазақ драма театрына барады

«Ы.Алтынсарин атындағы Қостанай облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы» мемлекеттік мекемесінде Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының «Алтынсарин» тақырыбында оқу топтарының курсанттарымен кездесу ұйымдастырылды Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылған күні

Идеологиялық жұмыс бөлімшесімен және оқу топтарының жетекшілерімен бірге қайырымдылық акциялары аясында «Дельфин» балалар үйіне бару тұрақты негізде ұйымдастырылады

Жетекшілік жұмыс аясында курсанттарды мәдени-танымдық дамыту мақсатында оқу топтарының жетекшілері Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайына баруды ұйымдастырады

Жетекшілік жұмыс аясында курсанттарды мәдени-танымдық дамыту мақсатында оқу топтарының жетекшілері Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайына баруды ұйымдастырады

Жетекшілер патриоттық тәрбие беру аясында білім алушылардың Қостанай облысы полиция департаментінің мұражайына баруын ұйымдастырды

Осылайша, Жетекшілер кеңесінің міндеттерін сәтті жүзеге асыру оның Академиядағы оқу процесінің барлық компоненттерімен жан-жақты өзара әрекеттесуімен ғана қамтамасыз етілуі мүмкін. Дәстүрлі кәсіби сауаттылық, физикалық және моральдық дайындық, шығармашылық ойлау қабілеті — мұның бәрі курсанттар мен тыңдаушыларға өмірлік маңызды жұмыстарында қажет.