Мәдени-көпшілік жұмысы

Курсанттарға тәрбиелік ықпал ету оқу сабақтарды өткізу барысында, сонымен қатар сабақтан тыс уақытында әр түрлі қоғамдық-саяси, мәдени-көпшілік, ағартушылық және спорттық-сауықтандыру іс-шаралардың шеңберінде жүзеге асырылады.

Жеке құрамымен өткізілетін тәрбие жұмысы барысындағы ең маңызды элементі — бос уақытты ұйымдастыру мәселесі болып табылады. Курсанттар тұлғасының дұрыс әлеуметтенуі, ұйымдастырылған педагогикалық және шығармашылық ықпал арқылы кәсiби маңызды қасиеттерін қалыптастыру мәдени-көпшілік жұмысының негізгі мақсаты болып табылады.

Көркемөнерпаздар үйірмелерінің жұмысын жоғары дәрежелі мамандар, еңбегі сіңген мәдениет қызметкерлер жүзеге асырады.

Домбыра ансамбілінің жетекшісі – Қалибек Деріпсалдин– Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген мәдениет қайраткері, сазгер, 60-тан астам әндердің авторы, «Қазына» премиясының лауреаты, Қазақстан Республикасының сазгерлер одағының мүшесі, Қостанай облысының құрметті азаматы.

Би ұжымының жетекшісі – Мадина Нурланканқызы Абуева – «Московское время» халықаралық конкурсының 2 дәрежелі лауреаты, «Тәуелсізідік деп соғады жүрегіміз» Республикалық конкурстың 2 дәрежелі лауреаты, «Энджу» шоу-балетінің жетекшісі, «Маленькая страна» хореографиялық студиясының жетекшісі.

Қостанай академиясында көркемөнерпаз үйірмелер жұмыс істейді:

Үрмелі оркестр жалпы академиялық іс-шаралардың міндетті қатысушылары бола отырып, белсенді концерттік қызмет атқарады. Концерттік репертуарға жергілікті және шетелдік классика шығармалары, үрмелі оркестрге арналған дәстүрлі репертуар, өңделген эстрадалық және халықтық әуендер кіреді. Академия курсанттарының қатарынан жаңадан келген музыканттармен үнемі толықтырылап отырып,оркестр жоғары кәсіби орындаушылық деңгейін сақтайды.


Вокалдық-хор студиясы – жалпы академиялық іс-шаралардың белсенді қатысушысы.   Репертуарында әртүрлі бағыттарды- халықтық, классикалық, джаз және т.б. қолданады. Жеке орындаудан өзге ансамблдік топтар-дуэт, трио, квартет және т.б. топтық орындау қолға алынуда. Әндер қазақ, орыс, тәжік, ұйғыр, өзбек және түрік тілдерінде орындалады. Вокалдық-хор студиясының жеке орындаушылары қалалық, облыстық, республикалық вокалдық байқаулардың жүлдегерлері болып табылады.КТК— курсанттар арасында бос уақытты ұйымдастырудың ең ұнамды түрі болып табылады. Әрбір курста қазақ және орыс тілдерінде екі лига құрылған.

Академияның «Полицейская академия» және «Ішкі істер құрамасы» КТК құрама командалары бірнеше рет қалалық, облыстық және республикалық «Көңілді тапқырлар клубы және «Жайдарман» ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанды:

Қостанай қаласы ХVII облыстық жоғары оқу орындары аралық «Студенттік көктем — 2011» фестивалінің КТК ойынының жеңімпаздары, 2011 жылғы Қостанай қаласы «Север» облыстық ашық КТК лигасының чемпионы, 2015 жылғы Қостанай облыстық «Жайдарман» премьер-лигасының қола жүлдегерлері, 2015 жылғы «Солтүстік мұзды кубогі» «Жайдарман» аймақтық лигасының жеңімпаздары, 2016 жылғы «Торғай» республикалық лигасының жеңімпаздары, 2017 жылғы 8 наурыз халықаралық әйелдер күніне арналған Астана қаласы ІІД бастығы кубогының күміс жүлдегерлері, 2017 жылғы «Торғай» республикалық ашық лигасының жеңімпаздары.

Академияның би ұжымы  қалалық, облыстық және республикалық деңгейдегі іс-шараларға белсене қатысады. Би ұжымының жұмысы жоғары деңгейде ұйымдастырылған, репертуары сан алуан. Курсанттар танго, самба, румба, испан биі сияқты, екпінді билермен бірге  (орыс, казақ, үнді, өзбек, тәжік, украин, кавказ лезгинкасы, корей) классикалық, балдық, эстрадалық, әлем халықтарының халық билерін орындайды.

Академия би ұжымы Қостанай облыстық жоғары оқу орындары аралық «Студенттік көктем» фестивалі «Шабыт» конкурсының бірнеше дүркін Лауреаты, сондай-ақ республикалық би байқауларының:

1999 жылғы Петропавл қаласы Қазақстан Республикасы ІІМ ұжымдары өңірлік көркемөнерпаздар сынау-байқауының Лауреаты, 2000 жылғы Астана қаласы Қазақстан Республикасы ІІМ ұжымдары өңірлік көркемөнерпаздар сынау-байқауының Лауреаты.

Халық  шығармашылығы мен мәдени дәстүрлерін жандандыру  мақсатында Академияда домбыра ансамбілі жұмыс жасауда. Репертуарына Қурманғазы, Д.Нұрпеисова, Тәттімбет, Қазанғап және т.б. танымал қазақ орындаушыларының шығармалары кіреді. Академияның домбыра ансамблі бірнеше рет қалалық және облыстық көркемөнерпаздар байқауында «Лауреат» атағына лайық деп танылды:

1999 жылғы Петропавл қаласы Қазақстан Республикасы ІІМ ұжымдары өңірлік көркемөнерпаздар сынау-байқауының Лауреаты, 2000 жылы Астана қаласында Академияның домбыра ансамблі Қазақстан Республикасы ІІМ көркемөнерпаздар ұжымдары байқауында бас жүлдені жеңіп алды және байқаудың Лауреаты атағын алды. 2018 жылы Академияның домбыра ансамблі Ақтау қаласында өткен жас орындаушылар мен домбырашы ансамбльдері мен оркестрлерінің «Ұлы дала мұрасы» республикалық фестиваль-байқауында «Гран-при» бас жүлдесін иеленді.

Дабылшылар тобы кез-келген мерекенің шырайын ашады және ерекше салтанатты іс-шаралардың сәнін келтіреді. Қыздар өнер көрсету кезінде заманауи музыкалық сүйемелдеумен ырғақты дефиле көрсетеді. Жанрдың ойын-сауық және өзіндік ерекшелігі арқасында дабылшылар тобы қалалық, аймақтық және республикалық іс-шараларда сұранысқа ие:

2012 жылы Астана қаласында өткен «Меценат» аймақтық іс-шарасына дабылшылар тобы қатысты, 2013 жылы Қостанай қаласында өткен «Парасатты полицей» байқауында дабылшылар тобы Академия құрама командасының намысын қорғады. Сол жылы Қостанай облысының Ішкі істер департаментінің құрама командасының құрамында Астана қаласында өткен құқық қорғау органдарының арасындағы көркемөнерпаздар байқауына қатысты, 2014 жылы Астана мен Қарағандыда Қазақстан Республикасының Ұлттық гвардиясының «Әскери-Керней» әскери оркестрлер арасында өткен байқауға қатысты.

Карабиншілер  взводы өзінің жоғары шеберлігімен және кәсібилігімен ерекшеленеді. Жас жігіттер өнер көрсету кезінде асқан шебер әрекеттер мен қару қолдану машықтарын көрсетеді. Өнер көрсету бағдарламасы эстрадалық аранжировкамен сүйемелденеді. Курсанттар тек қана жалпы академиялық емес, сонымен қатар облыстық іс-шаралардың да сәні.

Академияның құрама командасы Қостанай облысының ІІД құрамасымен бірігіп құқық қорғау органдары арасында Астана қаласында өткен «Парасатты полицей» көркемөнерпаздар сайысына сол жылы қатысты.

Поэзиялық оқу үйірмесі барлық курстың курсанттарын өзінің шығармашылық шарықтауымен және санқилылығымен баурап алады. Үйірмеде курсанттар шығармашылық сайыстарға қатысып, өздері жазған шығармашылығын көрсетіп, салтанатты іс-шараларды жүргізушілердің роліне шеберліктерін қайрайды. Академияда еңбек сіңірген мәдениет қызметкерлерінің, атақты ақындардың, Ильяс Омаров атындағы қазақ драма театры актерларының, сонымен қатар Қостанай облысының ақындары мен композиторларының қатысуымен шығармашылық тақырыптық кештер ұйымдастырылып тұрады.
Курсанттардың қоғамдық өмірге қатысуы олардың тек эстетикалық және мәдени деңгейін дамытып қана қоймай, болашақ қызметке қызығушылығын және оқуға лайықты уәждемесін дамытуға себепші болатынын, сондай-ақ олардың жеке және кәсіби қасиеттерін қалыптастыратынын атап өткен жөн.