«ҒЫЛЫМ» халықаралық ғылыми журнал

Редакциялық алқа

Мақалаларға қойылатын талаптар

Мақалаларды жариялау тәртібі

Авторлардың, сондай-ақ «Ғылым»Халықаралық ғылыми журналында жарияланғысы келетін адамдардың назарына !

Материалдарды журнал редакциясының келесі жаңа электрондық адреске жолдауларыңызды сұраймыз:

ooniririr@kostacademy.edu.kz

 

ЖАЗЫЛУ

«Қазпошта» АҚ-ның «ГАЗЕТТЕР МЕН ЖУРНАЛДАР» каталогы бойынша «Қазпошта» АҚ пошталық байланысының кез келген бөлімінде жазылуға болады, жазылу индексі – 75383.

НӨМІРЛЕР МҰРАҒАТЫ

2010 ж. 2011 ж. 2012 ж. 2013 ж. 2014 ж. 2015 ж. 2016 ж. 2017 ж. 2018 ж. 2019 ж. 2020 ж. 2021 ж. 2022 ж.
2010 — 1 2011 — 1 2012 — 1 2013 — 1 2014 — 1 2015 — 1 2016 — 1 2017 — 1 2018 — 1 2019- 1 2020- 1 2021 — 1 2022 — 1
2010 — 2 2011 — 2 2012 — 2 2013 — 2 2014 — 2 2015 — 2 2016 — 2 2017 — 2 2018 — 2 2019- 2 2020 — 2 2021 — 2 2022 — 2
2010 — 3 2011 — 3 2012 — 3 2013 — 3 2014 — 3 2015 — 3 2016 — 3 2017 — 3 2018 — 3 2019 — 3 2020-3 2021 — 3 2022 — 3
2010 — 4 2012 — 4 2013 — 4 2014 — 4 2015 — 4 2016 — 4 2017 — 4 2018 — 4 2019 — 4  2020 — 4  2021 — 4  2022 — 4

 БАЙЛАНЫСТАР

8 (7142) 26-49-16 (120) – Алпеисов Болат Бақытбекұлы – ғылыми-зерттеу және редакциялық-баспа жұмысын ұйымдастыру бөлімінің бастығы

8 (7142) 25-58-40 (факс) – хатшылық

Е-mail:rio.kui@mail.ru

ЖАЛПЫ АҚПАРАТ

Құрылтайшы – Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы.

Заң ғылымдары бойынша ғылыми қызметтің негізгі ғылыми нәтижелерін жариялау үшін жарияланымдар тізіміне енгізілген (ҚР БҒМ БҒСБК 11.02.2021 ж. №2 ҚБП бұйрығы).

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінде 2001 ж. 10.01 тіркелді. Бұқаралық ақпарат құралдарын тіркеу туралы куәлік №2325-Ж.

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінде 2015 жылғы 12 наурызда қайта тіркелді. №15156-Ж МБП тіркеу туралы куәлік. ISSN – 2306-451Х.

Шығу мерзімі – жылына 4 рет (наурыз, маусым, қыркүйек, желтоқсан). Журналдың кезекті нөмірі басылып шығардан 2 ай бұрын дайындалады.

«Ғылым-Наука» журналына жазылу индексі – 75383. «Қазпошта» АҚ пошталық байланысының кез келген бөлімінде жазылуға болады.

Таратылу аумағы – Қазақстан Республикасы.

«Ғылым-Наука» мерзімдік ғылыми басылымының мақсаты Қазақстан мен басқа да елдердің ғалымдарының «Заң ғылымдары» саласындағы ғылыми зерттеулерінің нәтижелерін ашық түрде жариялау.

Журналда ғылыми мақалалар, құқықтанудың әр түрлі салаларындағы зерттеулер нәтижелері туралы хабарламалар, заң саласындағы жаңа ғылыми басылымдарға берілген пікірлер, мемлекет және құқық мәселелері бойынша маңызды ғылыми конференциялар туралы мақалалар жарияланады.

Журналда келесі тақырыптық бағыттар бойынша мақалалар жарияланады:

Қазақстан Республикасындағы құқық қорғау қызметі мен заңнамаларды қолданудың өзекті мәселелері;

кәсіптік оқыту және ішкі істер органдарының білікті қызметкерлерін даярлау;

әлеуметтік-гуманитарлық ілімнің өзекті мәселелері;

шетелдердегі құқық қорғау қызметі;

жас ғалым мінбері;

сонымен қатар, Қазақстан Республикасы ІІМ Ш. Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында өткізілген ғылыми семинарлар, дөңгелек үстелдер, профессорлық-оқытушылық құрамның басылып шыққан ғылыми жұмыстары, оқу және оқу-әдістемелік құралдары және т.б. туралы ақпараттар.

 «ҒЫЛЫМ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ ЖУРНАЛЫНДА ЖАРИЯЛАНАТЫН ҒЫЛЫМИ МАҚАЛАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

МАҚАЛАНЫ ЖУРНАЛДА ЖАРИЯЛАУ ҮШІН ҚОЙЫЛАТЫН ШАРТТАР:

— мақалада бұрын-соңды жарияланбаған және басқа басылымдарда жариялауға арналмаған, «Құқық» мамандығы саласындағы өзіндік ғылыми зерттеулердің нәтижелері қамтылуы тиіс. Ғылыми мақалада ғылыми зерттеудің, эксперименталды немесе аналитикалық қызметтің аралық немесе түпкілікті нәтижелері баяндалуы қажет. Мақала бұрын жарияланбаған және жаңалығы бар авторлық әзірлемелерді, қорытындыларды, ұсынымдарды қамтуы тиіс; немесе жалпы тақырыпқа байланысты бұрын жарияланған ғылыми мақалаларды қарауға (жүйелі шолу) арналуы керек. Мақалада шетелдік зерттеушілердің ұқсас мәселелер бойынша ғылыми еңбектеріне шолулар мазмұндалуы керек, сонымен қатар «Ғылым-Наука» журналының алдыңғы шығарылымдарындағы кемінде бір мақалаға сілтеме болуы тиіс;

ӘOЖ (әмбебап ондық жіктеу) болуы;

үш тілде (қазақ(шетелдік авторлардан басқалар үшін), орыс және ағылшын) жазылған автор(лар) туралы деректер, мақаланың атауы, аңдатпа және түйін сөздердің және әдебиеттің транслитерацияланған тізімінің болуы;

— теңавторлық 3 авторданартықболмауы керек;

— авторы (авторлары) қолқойған6-8 бет көлемдік мақалалар. Көлемі
8 беттенасатынмақаланықабылдау бас редакторменкелісіледі;

— мақаладамемлекеттікқұпиянықамтитынмәліметтержәне «Қызметтепайдалануүшін» дегенбелгісі бар мәліметтержоқекендігітуралыавтордың анықтамасы;

— журналғажазылутүбіртегініңкөшірмесі. Журналдың индексі — 75383;

— автордың (авторлардың) фотосуреті (құжаттықсурет).

МАҚАЛАНЫҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ БӨЛІКТЕРІНІҢ ОРНАЛАСУ ТӘРТІБІ:

  1. Мақаланың құрылымы:

ӘOЖ (әмбебап ондық жіктеу);

мақаланың атауы (тақырыбы) (қалың бас әріптермен), автордың (авторлардың) Т.А.Ә. (3 автордан көп болмауы керек), оның ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, аффилиациясы (ұйымының атауы), елдің атауы және барлық жарияланым авторларының (оның ішінде негізгі авторын көрсете отырып) мекен-жайықазақ (шетелдік авторлардан басқалар үшін), орыс,ағылшын тілдерінде. Егер ұйымның атауында қала көрсетілмеген болса, онда ұйымның атауынан кейін үтір арқылы қала мен елдің аты жазылады (Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы құқық қорғау органдары академиясы, Нұр-Сұлтан қ.). Егер мақаланы бірнеше автор дайындаған болса, олар туралы деректер мақалаға қосқан үлестерінің маңыздылығына байланысты тәртіппен көрсетіледі;

аңдатпақазақ (шетелдік авторлардан басқалар үшін), орыс, ағылшын тілдерінде (аңдатпадазерттеудің мәні мен қолданылған әдістері баяндалады, неғұрлым маңызды нәтижелер мен олардың маңыздылығы жинақталады, аңдатпакөлемі – 200-300 сөз);

түйін сөздер – олар мақала мәтінін іздеуге және оның пәндік саласын анықтауға арналған (қазақ (шетелдік авторлардан басқалар үшін), орыс, ағылшын тілдерінде);

мақала мәтіні. Мақала мәтінінің құрылымы:

кіріспе;

әдебиетке шолу;

негізгі бөлім (әдіснама, нәтижелер);

қорытынды (қорытынды және зерттеудің одан әрі перспективалары);

әдебиеттер тізімі — мақаланы дайындау кезінде пайдаланылған ақпараттық көздер мақаланың соңында орналасады. Ақпараттық көздер оларға мақалада сілтеме жасау тәртібімен орналастырылады. Сілтемелер нөмірі мақала мәтінінде тік жақшада рәсімделеді, мысалы: [1,б. 15]. Мақалада қолданылған әдебиеттер тізімі «ГОСТ 7.1-2003. Мемлекеттік стандарт. Библиографиялық жазба. Библиографиялық сипаттама. Құрастырудың жалпы талаптары мен ережелеріне» сәйкес рәсімделеді. Интернет-ресурстарға сілтеме жасағанда авторы, мәтіннің тақырыбы, алынған көзі, материалдың толық электрондық мекенжайы, оның ашылған уақыты көрсетіледі. Жеке хабарламаларға, есептерге, қорғалмаған диссертацияларға және басқа да жарияланбаған материалдарға сілтеме жасауға рұқсат етілмейді;

— мақалада пайдаланылған әдебиеттің (дереккөздердің) транслитерацияланған тізімі.

  1. Мақаланың соңында: «мақала бірінші рет жарияланады» деген жазба болуы керек және жазба жазылған күн мен автордың (авторлардың) қолы қойылады.
  2. Суреттер (графикалық материалдар) барлық бөлшектерінің айқын көрсетілуін қамтамасыз ететін форматта анық салынған және нөмірленген, қол қойылған болуы және электрондық тасығышта ұсынылуы керек.
  3. Жарияланатын мақаланың сапасын, нәтижелердің дұрыс және дұрыс мазмұндалуын қамтамасыз ету мақсатында бір жақты жасырын («соқыр») рецензиялауды қолдана отырып, мақалалар тиісті тақырып бойынша ғалымдардың немесе мамандардың рецензиялауынан өтеді. Мақалалардың авторларына рецензия жіберілмейді.

ҒЫЛЫМИ ЖУРНАЛҒА МАТЕРИАЛДАРДЫ ҰСЫНУ ТӘРТІБІ

  1. Автор А4 форматындағы ақ қағазға басылған екі дана қолжазбаны өзі немесе пошта арқылы хатпен тікелей бас редактордың атына жолдайды. Қолжазбадағымәтін интервалы – 1, кітап бағдарлы; шрифті Times New Roman, биіктігі 14. Барлық ақшеттері -2 см. Мәтін ені бойынша тасымалсыз пішімделуі тиіс, абзацтың басында шегініс — 1 см. Мақаланың тақырыбы ортасында пішімделеді. Мақала мәтінінде автоматты түрде нөмірлеу қолданылмауы тиіс. Мәтін автормен оқылып, редакциялық түзетуден өткізілуі тиіс және соңғы бетте автордың қолы қойылуы тиіс. «Word» мәтіндік редакторының форматындағы қолжазбаны электрондық пошта арқылы да жіберуге болады. Кейін автор мақаланың басып шығарылған даналарын жолдауға міндетті.
  2. Редакция қажетті түзетулер мен қысқартулар жасауға, сондай-ақ,оның пікірінше, журнал талаптарына сәйкес келмейтін мақалаларды қабылдамауға құқылы. Мақала қабылданбаған жағдайда, редколлегия оның себептері бойынша пікірталасқа жол бермеу құқығын сақтайды. Ғылыми және нақты сипаттағы қателіктер, дәлсіздіктер үшін автор (авторлар) жауап береді. Редакцияға келіп түскен материалдар қайтарылмайды.
  3. Редакция жариялау мерзімі бойынша өзіне міндеттеме алмайды. Материалдар олардың редакцияға түсу кезектілігі тәртібімен жарияланады. Егер материал авторға пысықтауға жіберілсе, онда қайта өңделген материалдың авторы қайтарған күн мақала келіп түскен күн болып есептеледі.
  4. Қолжазбаларды журнал редакциясының келесі жаңа электрондық адресіне (екі адреске де) :alpeisov@kostacademy.edu.kzsadvakasova@kostacademy.edu.kzжәне келесі пошталық мекенжайға жолдауларыңызды сұраймыз:

110005, Қостанай қ., ҚР ІІМ Ш. Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы, ҒЗжРБЖҰБ («Ғылым» журналына мақала» деген белгімен).

Тел.: 8 (7142) 26-49-16, 25-52-80 (120). Факс 8 (7142) 25-58-40.

 

ҚҰРАМЫ

Бас редактор – Жүнісбеков С.Т., заң ғылымдарының кандидаты

Бас редактордың орынбасары – Нурушев А.Ж., заң ғылымдарының кандидаты


Редакциялық кеңес құрамы:

Айтуарова А.Б., з.ғ.к., Смышляев А.С., философия докторы (PhD), Қалқаманұлы Д., философия докторы (PhD), Хакимов Е.М., философия докторы (PhD), Брылевский А.В., з.ғ.к. Кульжанова Г.Т., филос.ғ.к., доцент, Таукенова А.М., филол.ғ.к.

Редакциялық алқа құрамы:

Әбеуов Е.Т., заң ғылымдарының кандидаты, доцент (Астана қ.)

Әбіл Е.А., тарих ғылымдарының докторы, профессор (Астана қ.)

Әкімжанов Т.Қ., заң ғылымдарының докторы, профессор (Алматы қ.)

Борков В.Н., заң ғылымдарының докторы, доцент (РФ, Омбы қ.)

Джоробекова А.М., заң ғылымдарының докторы, профессор (Қырғыз Республикасы, Бішкек қ.)

Жалбуров Е.Т., заң ғылымдарының докторы, профессор (Шымкент қ.)

Ким Н.П., педагогика ғылымдарының докторы, профессор

Қолдыбаев С.А., философия ғылымдарының докторы, профессор

Панин Ю.И., заң ғылымдарының кандидаты, доцент (РФ, Рязань қ.)

Сейтжанов О.Т., заң ғылымдарының кандидаты, доцент (Қарағанды қ.)

Сқақов А.Б., заң ғылымдарының докторы, профессор (Астана қ.)

Татарян В.Г., заң ғылымдарының докторы, профессор (РФ, Мәскеу қ.)
Шынарбаев Б.К., заң ғылымдарының докторы, доцент

 

 

«Ғылым» Халықаралық ғылыми журналының

редакциялық кеңесінің

ҚҰРАМЫ

1 АЙТУАРОВА
Альфия Булатовна
Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы ғылыми-зерттеу орталығының бастығы, заң ғылымдарының кандидаты
2 СМЫШЛЯЕВ
Александр
Сергеевич
Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы әкімшілік құқық және әкімшілік қызмет кафедрасының бастығы,PhD философия докторы (PhD
3 Қалқаманұлы Данияр Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы магистратурасының бастығы,
PhD философия докторы (PhD
4 БРЫЛЕВСКИЙ
Андрей
Владимирович
Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының профессоры,заң ғылымдарының кандидаты
5 КУЛЬЖАНОВА
Гульбарам
Тимеркановна
Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы күндізгі және сырттай оқыту факультетінің бастығы,
философия ғылымдарының кандидаты, доцент
6 ТАУКЕНОВА
Айгуль
Муратовна
Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы педагогика және психология кафедрасының бастығы,
филология ғылымдарының кандидаты