ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНАН КЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУ ИНСТИТУТЫНЫҢ МАГИСТРАТУРАСЫ

Архив

___________________________________________________________________________________

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының (бұдан әрі-Академия) Жоғары оқу орнынан кейінгі және қосымша білім беру институтының магистратурасы Академияның оқу-әдістемелік, ғылыми және әкімшілік құрылымдық бөлінісі болып табылады.

 

Магистратура қызметкерлері:

 

Магистратураның аға оқытушы-әдіскері: заң ғылымдарының магистрі,

полиция подполковнигі Едресова Гулизат Шоптибаевна

 

Ғылыми және педагогикалық магистратура жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру және ғылым саласы үшін терең ғылыми-педагогикалық дайындықты меңгерген ғылыми және педагогикалық кадрларды дайындау бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын жүзеге асырады.

Магистратураның білім беру бағдарламасын игерген және магистрлік диссертацияларын жария түрде қорғаған тұлғаларға «Заң ғылымдарының магистрі» дәрежесі беріледі.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080-қаулысымен бекітілген Білім берудің мемлекеттік білім беру стандарттарына сәйкес магистратура оқу үрдісін ұйымдастыруды көздейді: теориялық дайындық, оның ішінде базалық және бейіндік пәндер циклын зерттеу; магистранттардың тәжірибелік сабақтары: кәсіби практиканың әр  түрлері, тәжірибеден өту; ғылыми-педагогикалық магистратура үшін магистрлік диссертацияны орындауды қоса алғанда, ғылыми-зерттеу жұмыстары; аралық және қорытынды аттестация.

Оқу сабақтары магистратурада оқытудың инновациялық технологияларын және интерактивтік әдістерін қолдану арқылы өткізіледі. Оқу аудиториялары оқытудың қазіргі заманғы техникалық құралдарымен жабдықталған.



Магистранттардың сабағының практикалық бағытын қамтамасыз ету мақсатында, сабақтар криминалистикалық макеттер және арнайы техникамен жабдықталған «Камера», «Колония макеті» оқу полигонының базасында өткізіледі.

Магистранттар екі кітапхана, үш оқу залы, екі компьютерлік сынып, екі лингафондық кабинетті пайдаланады. Магистранттардың әскери, дене шынықтыру даярлығы, атыс дайындығын жетілдіруге арналған спорт кешені, атыс тирі, стадион бар. Сонымен қатар Академияда психологиялық оңалту кабинеті, асхана-буфет, медициналық пункт бар.

Магистранттардың оқу жетістіктерін тексеру Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің  «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери, арнаулы оқу орындарында білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылау, оларға аралық және қорытынды аттестаттау жүргізу қағидаларын бекіту туралы» 2016 жылғы 13 қаңтардағы  № 20-бұйрығымен жүзеге асырылады.

Магистранттардың оқу тапсырмаларының барлық түрлері бойынша оқудағы жетістіктері, білімнің балдық-рейтингтік, әріптік жүйесі бойынша бағаланады.

Ғылыми және педагогикалық магистратураның білім беру бағдарламасына екі түрлі тағылымдама енеді: педагогикалық — білім беру ұйымында; зерттеу — магистрлік диссертацияны орындау барысында жүргізіледі. Бейіндік магистратураның білім беру бағдарламасына өндірістік тәжірибе енеді.

Тағылымдамадан өту Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери, арнаулы оқу орындарында білім алушылардың кәсіптік практикасын және тағылымдамасын ұйымдастыру және одан өту қағидаларын бекіту туралы» 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 80-бұйрығымен жүзеге асырылады.

Магистранттардың ғылыми-зерттеу, эксперименталды-зерттеу жұмысы, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының жүйесінде ғылыми-зерттеу қызметін ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» 2014 жылғы 23 шілдедегі № 455-бұйрығымен жүргізіледі.

Магистранттар ғылыми мәселелердің жай-күйіне талдамалық шолу дайындауды жүзеге асырады, ғылыми эксперименттер өткізеді, оқу, оқу-әдістемелік құралдарды жазуға және жариялауға қатысады, іскерлік йындарды әзірлейді, ҒЗЖ бойынша есептер дайындауға қатысады.

Ғылыми-зерттеу, эксперименталды-зерттеу жұмысы, магистранттың жеке жұмыс жоспарында, шетелдік ғылыми тағылымдамадан өту қарастырылған.

2014 жылы ғылыми және педагогикалық магистратураның 1-курс магистранттары М.В. Ладошин атындағы Челябі құқық және экономика институтында және Қырғыз Республикасының милиция генерал-майоры Э.А. Алиев атындағы ІІМ-нің Академиясында шетелдік ғылыми тағылымдамадан өтті. 2015 жылы ғылыми және педагогикалық, бейіндік магистратура магистранттары шетелдік ғылыми тағылымдамадан Ресейдің жазаларды орындау Федералды қызметінің Самара заң институты мен М.В. Ладошин атындағы Челябі құқық және экономика институтында өтеді.

Бөлініс тарихы

Магистратураның тарихы 2006 жылдан басталады, сол жылы Академияда «Құқық қорғау қызметі» мамандығы бойынша ғылыми және педагогикалық магистратура ашылды. Осы уақыттан бастап жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру және ғылым саласы үшін терең ғылыми-педагогикалық дайындықты меңгерген ғылыми және педагогикалық кадрларды дайындауды жүзеге асыра бастады.

Магистратураның бірінші бастығы болып, философия ғылымдарының кандидаты, әділет подполковнигі И.И. Гуляев тағайындалды, одан кейінгі жылдары бөліністі заң ғылымдарының кандидаты, әділет полковнигі Е.Е. Каймульдинов, заң ғылымдарының кандидаты, полиция полковнигі Т.Р. Елешов, философия ғылымдарының кандидаты, полиция полковнигі А.В. Видершпан басқарды.





Магистратураның алғашқы түлектерінің қатарында болғандар: Е.С. Акимжанов., О.Н. Мирвода., А.Б. Молдашева., Б.А. Тайжанов., А.В. Кенжеалиева., Н.К. Шаяхметов., Е.Н. Пилецкая., А.С. Еременко., А.Б. Истулина.,  А.Е. Темирбекова., А.М. Аетова.




Тәрбиелік және қоғамдық жұмыс

Магистратурадағы тәрбиелік жұмыс магистранттармен жүргізілетін жеке-тәрбие жұмысы жоспарына, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің, Ішкі істер министрлігінің нормативтік құжаттарына және Академияның тәрбие жұмысы жоспарына сәйкес жүргізіледі.


Магистратура офицерлері мен магистранттары қоғам мен мемлекеттің маңызды оқиғаларына арналған ЖОО-ның негізгі іс-шараларына белсенді қатысады.




Олар сондай-ақ академияның өміріне белсене араласады: олар ЖОО қызметкерлерінің салтанатты жиналыстарында баяндамалар жасайды, Қазақстандағы мемлекеттік мерекелер мен тарихи оқиғалар бойынша конференциялар, дөңгелек үстелдер, семинарлар ұйымдастырады және өткізеді.





Магистранттармен бірге физикалық дайындықты жақсартады және Академияның спорттық өміріне қатысады.


Магистранттар өздерінің ғылыми зерттеу тақырыптарының нәтижелерін апрабациядан өткізу мақсатында, академияның біліктілікті арттыру және қайта даярлау институтына келген тәжірибелік қызметкерлермен тығыз қарым-қатынас жасайды.

Ғылыми-педагогикалық қызметтің жеткілікті тәжірибесі және магистратура қызметкерлерінің жұмысын дұрыс ұйымдастыру бөлімшенің даму тиімділігін қамтамасыз етеді.

Магистратура туралы қосымша ақпаратты, Қазақстан Республикасы ІІМ-нің Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай акаемиясының магистратурасына оқуға қабылдау және түсу шарттары туралы ақпаратты мына мекенжай бойынша алуға болады:

Қостанай қаласы, Абай даңғылы 11, № 1-корпус, 3-кабинет. Байланыс

телефондары: (8-7142) 26-34-18 (1-63).

Электрондық пошта- magistratura.akademiya@mail.ru.