Қылмыстық-атқару құқығы кафедрасы

Қылмыстық-атқару құқығы кафедрасы 2023 жылдың мамыр айында құрылды

Кафедраны философия докторы (PhD), полиция подполковнигі

 Малик Рсбаевич Муканов басқарады.

Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы


Қазіргі уақытта кафедрада тәжірибелі педагогтар жұмыс істейді:

  • Кафедра бастығы, философия докторы (PhD), полиция подполковнигі Муканов Малик Рсбаевич;
  • Кафедра бастығының орынбасары, полиция полковнигі Конвисарь Анна Андреевна;
  • Кафедра профессоры, қауымдастырылған профессор (доцент), әділет генерал-майоры Аюбаев Мейрам Акатович;
  • Кафедра доценті, полиция полковнигі Сагандыков Марат Жаксылыкович;
  • Кафедраның аға оқытушысы, жаратылыстану ғылымдарының магистрі, полиция аға лейтенанты Бримжанова Сауле Сериковна;
  • Кафедраның аға оқытушысы, құқық қорғау қызметі магистрі, полиция подполковнигі Уалиева Анара Жанатовна;
  • Кафедраның аға оқытушысы, полиция майоры Овчинникова Ирина Владимировна;
  • Кафедра оқытушысы, Ұлттық қауіпсіздік және әскери істер магистрі, полиция аға лейтенанты Бекбауов Алтынбек Серикжанович;
  • Кафедра оқытушысы, Ұлттық қауіпсіздік және әскери істер магистрі, полиция аға лейтенанты Асылбеков Талгат Серикович.

Кафедраның оқу қызметі:

Кафедра  «Құқық қорғау қызметі» бағыты бойынша қылмыстық-атқару жүйесі үшін мамандар даярлауды жүзеге асырады.

Кафедрада келесі бейіндік оқу пәндері оқытылады:

  • Қылмыстық-атқару құқығы;
  • Пробация қызметін ұйымдастыру мәселелері;
  • Қоғамнан оқшаулауға байланысты қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу мәжбүрлеу шараларын жүзеге асыратын мекемелер қызметінің ұйымдық-құқықтық аспектілері;
  • Құқық бұзушылармен қарым-қатынастың халықаралық-құқықтық стандарттары мен ережелері;
  • Пробациялық қызметтің өзекті мәселелері: заңнамалық реттеудің теориялық аспектілері мен мәселелері.

Пәнді оқытудың негізгі міндеттері студенттердің қазіргі кезеңдегі қылмыстық-атқару саясатын дамытудың негізгі ережелері мен тенденцияларын игеруі болып табылады.

Білім беру сапасын арттырудың негізгі компоненттерінің бірі оқытудың практикалық бағыты болып табылады. Кафедрада сабақ өткізу кезіндегі практика мен теорияның байланысы практикалық қызметкерлерді тарту, көшпелі сабақтар, Қостанай облысы бойынша ҚАЖД-да өтетін профилактикалық іс-шараларға оқытушылардың қатысуы арқылы жүзеге асырылады.

Шырақбек Қабылбаев атындағы Қазақстан Республикасы ІІМ Қостанай академиясы мен ҚР ІІМ Қостанай облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті арасындағы тығыз ынтымақтастықты қамтамасыз ету, практикалық қызметкерлердің кәсіби даярлығын жақсарту, Қостанай қаласы, Жамбыл көшесі 89/1 мекенжайында орналасқан Қостанай қаласы пробация қызметі бөлімінің базасында ішкі істер органдарының қызметтері мен бөлімшелерін жетілдіру жолдарын ғылыми әзірлеу сапасын арттыру мақсатында қылмыстық-атқару құқығы кафедрасының филиалы құрылды.

Кафедра телефоны  25-55-90-(128)