“Профессормен кездесу” 24.02.2017 Ақпан айының 22 – жұлдызында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министірлігі Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының 2 – курс курсанттарымен ҚР Президентінің 2017 жылғы 30 – қаңтардағы «Қазақстанның үшінші қайта жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты жолдауын талқылап, түсіндіру және тереңірек қарастыру үшін ҚМПИ профессоры, халық ассамблеиасы кеңесінің мүшесі, политолог, тарих ғылымдарының кандидаты Вишниченко Валерий Георгиевичпен кездесу өткізілді. Сұхбаттасу барысында жолдау толығымен оқылып шығылды. Жолдаудағы барлық мәселелерге жеке – жеке тоқталып, олардың әр қайсысының өте маңыздылығы жайында және еліміздің эканомикасына, ертеңгі болашағына әжептеуір әсерін тигізетіндігі жайында нақты айтылып өтілді. Ел басымыздың бұл аталмыш жолдауына профессор өте жоғары деңгейдегі көрегендік деп бағасын берді. Курсанттарда өз кезегінде профессорға бірнеше сұрақтар қойып, керек жауаптарын алды. Курсанттарда өз кезегінде профессорға бірнеше сұрақтар қойып, керек жауаптарын алды. 2 курс курсанты полиция қатарындағы Тұрсынбай Думанжан