“Тәуелсіздіктің 25 жылдығы” қарсаңында шағын- футбол 12.12.2016 Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында 2 курс курсанттары арасында ұйымдастырылған шағын-футболдан жарыс соңына жетіп, жеңімпаз 206 топ курсанттары, курс басшылығымен супер кубокты сарапқа салды. Бұл шағын-футбол “Тәуелсіздігіміздін 25 жылдығына” орай өткізілді. Қос команда әуелі бір-бірін бақылаумен ойынды бастады. Ойын ортасына келіп екі тарап шабуылды күшейтіп, бір-біріне бірнеше голдар тоғытты және ойынды одан әрі қыздыра түсті. Көрермендер қатарын кеңейтіп, қолдау көрсетуге 2 курс курсанттарыда қатысты. Қолдарынан келгенше қошеметті аямай, футболшы курсанттарымыздың рухын көтеріп отырды. Голдық сәттерде және гол соғылған сәттерде шуылдасып көңілдері бір тасып – түсіп, бірде көңілді болды. Тартыс таласты өткен сайыста 206-топ курсанттары (7:5) есебімен айқын жеңіске жетті. Жеңімпаздар курс басшылықтары атынан сый-сияпатқа қарық болып, супер кубокты иеленіп, 2016 жылғы чемпиондар ретінде қалды. 2 курс курсанты полиция қатарындағы Тұрсынбай Думанжан