Тәуелсіздіктің  25 – жылыдығына  арналған  мерекелік  іс-шара

Ел  Тәуелсіздігіне 25-жыл!  Иә, өте  жағымды естілетін  айтулы мейрам. Бүкіл  Қазақстанда   Тәуелсіздіктің  25-жылдығына  арналған  іс-шаралар  2016 жылдың  басынан  бастау  алған  еді. Міне Тәуелсіздік  мейрамы  қарсаңында  2016 жылдың  8-ші  желтоқсанында  сағат  14.00 – де  «Мирас»  Мәдениет  сарайында  облыстық  Қазақстан халқы Ассамблеясы  мерекелік  концерт  берді.

09_03_1

Бұл концертке біздің академиядан  1 курс  курсанттары  барды. Мерекелік  концерт  патриоттық  әндерден  бастау  алып, мың  бұралған бишілердің  биімен жалғасты. Мирас Мәдениет  үйі  қазақ  ою-өрнегімен  әсемделіп керемет  көрініс  берді. 1 курс  курсанттары  мерекелік  концерттен  керемет  әсер алып  оралды.

09_03_2

Концерт  тамашалауға  келген  халық  қарасы  көп  болды. Тәуелсіздікке арналған  бұл концерт мағынасы жағынан  ауқымды  болды . Барлық  ұлт  өкілдері өздерінің төл өнерлерін  көрсетіп, Қазақстанда  бірлік пен татулық  ең жоғары  орында  тұрғанын  жеткізе  білді. Осындай  мағынасы жағынан маңызды концерттен  1 курс курсанттары тәрбие  ала білді деп ойлаймыз.

                                                                     1 курс курсанты  Әділдәбеков Д.Б.