Қостанай облысы ІІД мұражайына саяхат 11.07.2016 Жақында Қазақстан полиция күнің мерекелеуіне байланысты 105 пен 201 оқу тобының кураторлары курсанттарын полиция майоры Е.С. Акимжанов, полиция капитаны А.Б. Ақылбекова Қостанай облысы ІІД мұражайына саяхат ұйымдастырды. Ішкі істер органының зейнеткері Павел Григорьевич Щедрин мұражайда саяхат өткізді. Ол Қостанай облысы ішкі істер органдарының құрылу тарихы туралы және де қызметтік міндеттерін атқарған кезде апатқа ұшыраған қызметкерлер туралы айтып кетті. Оларды есіне түсіру үшін ІІД ғимаратының жанында монумент-қабырға орнатылған, соның ортасында батырлардың аттары және де аумақтағы аса көрнекті құқыққорғау органдарының тұлғалары мәңгі есте сақталған. Қазақстан Республикасы Ішгкі істер министрлігі Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының курсанттары мен офицерлері бір минут үндемей тұрып құрмет белгісін білдірді. Содан соң біз Қостанай облысы ІІД ғимаратына кіріп, жаңартылған полиция мұражайға барып қайттық, мұражайдын көлемі 400 шаршы метр. Мұражай бір неше залдардан тұрады: көрме залы, генерал залы және кинозал. Мұражай экспозициясында Қазақ хандығының құрылуынан бастап қазіргі уақытқа дейін тарихтық кезеңдер қамтылған. Экспозицияда полиция және милиция тарихына байланысты әр түрлі экспонаттар шығарылған: әр түрлі модификацияланған жауынгерлік қарулар, ішкі істер органдары қызметкерлерінің нысанды киімдері, арнайы криминалистикалық техника, Қостанай облысындағы генералдардың нысанды киімдері мен жеке заттары, батырлардың сүретімен стенділер, Қазақстан Республикасының тәуелсіздік бұрышы, спорттық жетістіктер бұрышы. Мұражай сақтаушысы Павел Щедрин айтуынша, мұражайдын 45-жылдық тарихында, мұражайды тоқсан мыңнан көп адамдар келді. Мұражайдың құрылуына себепкер болған милиция ветерандары В. Ф. Мирошниченко, А. В. Савченко, В. А. Серовым, Ф. И. Здорик, олардың жеке заттары, құжаттары және де фотолары ең бірінші экспонаттар болды. Қазіргі кезде 2 500 астам экспонаттар коллекцияда бар. Мұражайдын көрмесінде – Бірінші отан соғысының уақытындағы мылтыққа найза, орыс қару жасаушы Мосинның «үш сызғышы», арнайы киімдер: қызыл армияның гимнастеркасы, 30 жылдағы милицияның бас киімі. Жаңғыртуынан кейін мұражайда жаңа дизайн мен жаңа экспонаттар пайда болды, бастысы — электронды түрінің болғаны. Барлық ақпараттар, құжаттамалар жіне тағы да басқалары дисктарда бар, оларды мұражай кинозалында көруге болады. Саяхаттын соныңда курсанттар Қостанай облысы полицияның жұмысын бейне фильм арқылы қарады. Курсанттардын айтуынша саяхат қызықты және тартымды болды. Оларды қазіргі кездегі полиция мен кеңестік полицияның құрылу тарихы ең қызықты болды. Іс-шараға қатысқандар Павел Григорьевич Щедринға мұражайда қызықты және танып білерлік саяхат өткізгені үшін алғыз білдіреді. 105 оқу тобының кураторы Полиция майоры Акимжанов Ерик 201 оқу тобының кураторы Полиция капитаны Ақылбекова Әсел