Дені саудың жаны сау.

03_02_5

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының күндізгі оқыту факультеті «Әлеуметтік жұмыс» мамандығы бойынша оқитын 2 курс курсанттары 2016 жылы 28-ші сәуір күні Қостанай қаласында Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы орталық саябақта ұйымдастырған «Салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері» атты акциясына қатысты. Аталған акцияда әртүрлі мектептерден, түрлі би стильдерімен командалар келді.Осы командалар арасында жарыстар өткізілді.

03_02_1

Қазақстан азаматтарының денсаулығын нығайту, салауатты өмір салтын ынталандыру туралы елбасының жолдауын, егемендіктің кілтін ұстар жастардың болашағына апаратын, алтын сүрлеу десе де болады. «Дені сау адам — табиғаттың ең қымбат жемісі»-деп тегін айтпаған.

03_02_2

Болашағымыз нұрлы, еліміздің ертеңі нұрлы болсын десек, ел болып, халық болып болашағымызды, ұлтымызды, тегімізді жоғалтып алмау үшін нашақорлық, ішімдік, шылым шегуден бойымызды аулақ ұстап, қоғамымыздың бұл түнектен арылуының жолын іздеп, салауатты өмір салтын насихаттайық.

03_02_4

Табиғатты адам үшін жаратқанын және парыз еткенін, қажетімізге дұрыс пайдалануды, денсаулығымызға зиян келмейтіндей жағдайда болуын қадағалауды салауатты өмір салты деп ұғамыз.

03_02_3

Қылмыстық-атқару жүйесіндегі басқару

және әлеуметтік жұмысты ұйымдастыру

кафедрасының аға оқытушысы   Ш.К.Садыханова