Ағымдағы жылдың 7-10 желтоқсан аралығында ІІО әкімшілік қызмет кафедрасының аға оқытушысы С.Корнейчук «Орталық Азия елдеріндегі әйелдер кәсіпкерлігінің күн тәртібі» атты халықаралық ғылыми конференциясына қатысты.

Конференцияда С.Корнейчук «Жұмыс орнындағы жыныстық қудалау мәселелері бойынша ҚР кейбір заңнамалық актілеріне толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының жобасын таныстырды. Конференция жұмысына Америка Құрама Штаттары, Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан және Тәжікстан өкілдері де қатысты. Сонымен қатар С. Корнейчук «Жұмыс орнындағы жыныстық қудалауға қарсы іс-қимыл» тақырыбында өзі дайындаған анықтамалық нұсқаулықтың тұсаукесерін өткізді.




В период с 7 по 10 декабря текущего года старший преподаватель кафедры административной деятельности ОВД Корнейчук С.В. принял участие в международной научной конференции «Повестка женского предпринимательства в странах Центральной Азии» и выступил с презентацией проекта Закона РК «О внесении и дополнений в некоторые законодательные акты РК по вопросам сексуального домогательства на рабочем месте».

В работе конференции также приняли участие представители Соединенных Штатов Америки, Кыргызстана, Узбекистана, Туркменистана и Таджикистана. Наряду с этим, Корнейчук С.В. осуществил презентацию подготовленного им справочного пособия на тему «Противодействие сексуальному домогательству на рабочем месте».