Талапкер 2024 ж.

 ҚР ІІМ Шракбек Қабылбаев атындағы Қостанай Академиясының буклеті
(көру үшін басыңыз)

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАНДАР МЕН ТАЛАПКЕРЛЕР!

Бейіндік пәндер бойынша мамандықтарға сәйкес даярлау бағыттары жөніндегі ақпарат.
Сақтап, достарыңызбен бөлісіңіздер!

Дене шынықтыру нормативтері (көру үшін басыңыз)

Бейне:

Бейне:

Академия білім беру бағдарламасы бойынша мамандарды дайындайды:

 6В12301 – «Құқық қорғау қызметі»

Оқу аяқталғаннан кейін курсанттар келесі лауазымдарға тағайындалады:

 Ішкі істер органдарының әкімшілік қызметі:

— учаскелік полиция инспекторы;

— кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі

учаскелік полиция инспекторы;

-әкімшілік практика инспекторы;

-көші-қон қызметі тобының инспекторы;

-патрульдік полиция қызметінің инспекторы;

-учаскелік полиция инспекторының көмекшісі;

-Жедел басқару орталығының инспекторы;

-әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі

инспектор;

-табиғатты қорғау полициясының инспекторы;

-азаматтық қару-жарақ айналымын бақылау жөніндегі

инспектор.

Қылмыстықатқару жүйесі:

— пробация қызметінің инспекторы;

— сотталғандар арасындағы тәрбие және әлеуметтік-

психологиялық жұмыс бөлімінің жасақ бастығы;

— жедел бөлімнің жедел уәкілі;

— тәртіптік бөлімнің жедел уәкілі;

— мекеме бастығының кезекші көмекшісінің

орынбасары;

— сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру бөлімінің

инспекторы;

— теологиялық және оңалту жұмыстарының

инспекторы;

— арнайы есепке алу инспекторы.

  Академияда оқудың артықшылықтары:

— жатақханада тегін тұру;

— стипендия алу;

— азық-түлікпен, заттай жабдықталыммен қамтамасыз

ету;

— тегін медициналық қызмет көрсету;

— каникулдық демалыс кезеңінде жол жүру

құнын төлеу;

— Академияда күндізгі оқу кезеңі мерзімді әскери

қызмет өткеруге теңестіріледі және құқық қорғау

органдарындағы қызмет өтіліне есептеледі;

-түлектерге оқуды аяқтағаннан кейін «полиция лейтенанты» немесе «әділет лейтенанты» офицерлік атағы және «бакалавр» академиялық дәрежесі беріліп, жұмысқа  орналасуға кепілдік беріледі.

  ІІМ оқу орындарына оқуға түсуге ниет  білдірген азаматтар тұрғылықты жері бойынша аумақтық ІІО-ның кадр қызметтеріне еркін нысанда өтініш немесе Академияға «Тікелей қабылдау» бойынша https://kostacademy.edu.kz. береді.

Оқыту қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі.

Конкурстан тыс қабылданады:

— шекті деңгейдегі балл жинаған, қызметтік міндеттерін орындау кезінде қайтыс болған немесе мүгедектік алған  қызметкерлердің балалары;

— Ұлттық ұлан қатарында мерзімді әскери қызмет өткерген адамдар;

— «Алтын белгі» белгісімен марапатталған мектеп түлектері;

— ҰБТ тапсырған және оның нәтижелері бойынша 100-ден  кем емес балл жинаған тұлғалар.

 

Дене шынықтыру бойынша іріктеуден босатылады:

— «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері», «Қазақстан Республикасының спорт шебері» спорттық біліктілігі бар және арнаулы оқу орнының қабылдау комиссиясына оны растайтын құжаттар ұсынған кандидаттар;

Кандидаттарға қойылатын талаптар:

-Қазақстан Республикасының азаматтығы,

— 16 жастан бастап;

— соттылығы жоқ;

-бойы: қыздар 160 см-ден бастап, ұлдар 170 см-ден бастап.

Қабылдау конкурстық негізде жүзеге асырылады:

— медициналық, физикалық және психофизиологиялық көрсеткіштер бойынша, Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) нәтижелері бойынша берілген мемлекеттік сертификаттың балдарына сәйкес.

Конкурсқа қатысу үшін ҰБТ бойынша 50 балдан кем емес,  оның ішінде Қазақстан тарихынан, әрбір бейінді пән бойынша 5 балдан кем емес, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы бойынша 3 балдан кем емес жинау қажет.

 «Құқық қорғау қызметі» білім беру бағдарламасы бойынша бейіндік пәндер

ҰБТ тапсырған кезде талапкерлер кез келген вариацияда (шығармашылық емтиханнан басқа) екі бейіндік пәнді өз бетінше таңдай алады.

Академия сайты: https://kostacademy.edu.kz

Оқуға түсу шарттары мен қабылдау ережелері туралы қосымша ақпаратты мына мекенжайдан алуға болады:

Қостанай қ., Абай даңғ., 11

8(7142)264542 (ішкі 133)

+77027844578; +7054205654; +7029154141;

 +7025005972;  +77759381544


сонымен қатар ҚР ІІМ облыстық ПД, ҚАЖД.

ЕГЕР СІЗ — ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АЗАМАТЫ ЖӘНЕ ПАТРИОТЫ БОЛСАҢЫЗ, ӨЗІҢІЗДІ МАҚСАТТЫ, ЖАУАПТЫ, БАСТАМАШЫЛ ДЕП САНАСАҢЫЗ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН ИГІЛІГІ ҮШІН ҚЫЗМЕТ ЕТКІҢІЗ КЕЛСЕ, ҚОҒАМ МЕН МЕМЛЕКЕТТІҢ  ҚҰҚЫҚТАРЫН, БОСТАНДЫҚТАРЫ МЕН ЗАҢДЫ МҮДДЕЛЕРІН ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖӘНЕ ӨЗГЕ ДЕ ҚҰҚЫҚҚА ҚАРСЫ ҚОЛ СҰҒУШЫЛЫҚТАРДАН ҚОРҒАСАҢЫЗ — АКАДЕМИЯ СІЗДІ КҮТЕДІ!