ҚР ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының 1 курс курсанттарына кіші сержант лауазымын беру 31.03.2016 2016 жылғы 28 наурыз күні 1 курс ауыспалы құрамының взвод командирлері мен командирлердің орынбасарларына кіші сержант лауазымы берілді. Ауыспалы құрамға кіші сержант лауазымын Академия бастығының орынбасары полиция полковнигі Е.Т. Қаппасов және Академия бастығының көмекшісі полиция полковнигі Қ.Ж. Айтқұлов, сонымен қатар Курс бастығы А.Б. Кусеубаев пен курс бастығының тәрбие ісі-жөніндегі орынбасары полиция капитаны Қ.С. Қадыров табыстады. Ауыспалы құрамның арасынан білімі жағынан және ұйымдастырушылық қабілетімен көзге түскен курсанттарды курс бастығы басшылықтың назарына ұсынды. Басшылық ұсынылған курсанттарды назарға ала отырып, курсанттар бекітілген сынақ мерзімінен ойдағыдай өтті. Кіші сержант лауазымын қыздардан құралған 3 взвод командирлері және де 10 взвод командирі мен бөлімше командирлері, сонымен қатар 14 оқу топтарының командирлерінің орынбасарлары алды. Іс-шара салтанатты шерумен аяқталды. кіші сержант Серікбаева Айдана