Балабақша — тәрбиенің алтын бесігі!

Жас ұрпақтың бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіру – ата-анамен ұстаздардың басты міндеті. Кішкентай бүлдіршіндеріміздің бойына ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, адамгершілік қасиеттерін сіңіріп, өз-өзіне деген сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен тәрбиешілер шешуші рөл атқарады. Адамгершілікке, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу күнделікті балабақша өмірінде, жоспарлы түрде қамтылады.

Қазақстан халқы 2016 жылы 1 наурызда тұңғыш рет Алғыс айту күнін атап өтеді. Алғыс-адамның адамға жасаған жақсылығы, көмегі, көңілі үшін ризашылық білдіруі, сондай-ақ оның ойы мен іс-әрекетіне, жасаған істеріне жоғары баға беруі.

Осы орайда аталмыш жылдың 24 ақпанында ҚР ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының тәрбие жұмысы бөлімімен біріге отырып, 3-курс басшылығының ұйымдастыруымен, КОФ-нің 3-курс курсанттары Қостанай қаласының «Балауса» балабақшасына көмек көрсетті. Курсанттар балабақша өмірімен және бүлдіршіндермен танысып қана қоймай, балабақша ауласын үйілген қардан жұмыла кірісіп тазалап берді. Мұны көрген балалар мәз болып, тәрбиешілер  ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын білдірді.

Балабақша директоры Байтекенова Анна Ахметовна бүлдіршіндерге «болашақта осы ағаларыңдай еліміздің қамқоры, қорғанышы болыңдар» — деді.

Бұл іс-шара болашақ ұрпаққа өнеге, үлгі деп білеміз.

Жастардың болашағы, біздің қолымызда. Сәбилеріміз аман болсын!

 

Марат Қабылдин
3-курс бастығының орынбасары
полиция старшинасы