Дене шынықтыру дайындығы бойынша ғылыми-практикалық олимпиада өткізілді 27.09.2021 Қазақстан Республикасы егемендігінің 30 жылдығы мен ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының 50 жылдығына орай алғашқы кәсіби дайындық тыңдаушылары мен 4-курс арасында дене шынықтыру дайындығы бойынша ғылыми-практикалық Олимпиада өткізілді. Олимпиаданың мақсаты – курсанттардың денсаулығын нығайту мен дене дайындығы саласындағы қажетті білім мен ақыл-ойды меңгеру деңгейін анықтау, сонымен қатар салауатты өмір салтын насихаттау. Олимпиада 2 кезеңді қамтыды: 1-кезең 8 бөліктен тұрды: 100-200 метр жүгіру, эстафета, гір көтеру, армреслинг, қарын бұлшық етін қатайтын жаттығулар, кермеде тартылу, арқан тарту. 2-кезең спорттық самбо, дзюдо, еркін күрес, қазақша күрес, дойбы ойнау, теннис, Калашников автоматын бөлшектеу мен құрастыру, шешендік өнер сайыстарынан тұрды. Олимпиаданың нәтижелері бойынша: 1-орынды – 4-курс; 2-орынды – кіші және қатардағы басшы құрам тыңдаушылары иеленді. 3-орынды – орта басшы құрам тыңдаушылары; Бұндай сайыстар дене шынықтыру дайындығын жетілдіруде маңызды болып саналады. Дене шынықтыру кафедрасының оқытушысы полиция майоры Б.Е.Жандауов