14 наурызда еліміздің батыс өңірлері Наурыз мейрамының басы Көрісу мерекесін атап өтті. Бұл күнді «Амал» мерекесі деп те айтады. Халық қыстан аман-есен шыққанына, көктемге аяқ басып, туыс-туған, көрші-көлеңмен жүздескеніне қуанып, қол алысып, төс қағысады. Бір-біріне деген араздық, өкпе-ренішті ұмытып, амандық тілейді. Осыған орай Көрісу қашан және қалай пайда болды, қалай тойланады деген сұрақтарға жауап іздеп көрдік. Бұл мереке туралы ғалымдар пікірі әрқилы. Тарихшылар мәліметіне сүйенсек, 1918 жылдың 24 қаңтарында Халком кеңесі Григориан күнтізбесін қолданысқа енгізеді. Бірақ, екі күнтізбе айырмашылығы 13 күн болып қалған. Соған байланысты 1918 жылдың 31 қаңтарында ескі күнтізбені аяқтап, 14 ақпанда келесі айды бастаған. Осы деректі басшылыққа алса 1 наурыз -14 наурызға тап келеді. Ол — жыл басы, күнтізбедегі көктемнің алғашқы күні саналған.Оның қашаннан бері тойланып келе жатқаны туралы нақты ақпарат жоқ. Мерекенің шығу төркіні әлі де егжей-тегжейлі зертеуді, жан-жақты салыстырып, зерделеуді қажет етеді. Көрісу күні, кей өңірде Амал мерекесі Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан өңірлерінде атап өтіледі. Дегенмен тек батыста тойланған деген жаңсақ пікір. Бұл — қонақжай қазақ халқына ортақ ежелден келе жатқан көктем мерекесі.Мерекенің шығу тарихы анық болмағанымен, мәні көпке аян. Бұл күні жасы кішілер жасы үлкен әулет мүшелеріне амандық-саулық тілеп, үй-үйді аралайды. Кішкене балалар әр үйден кәде-сый алады. Әр адам міндетті түрде үш үйдің есігін ашу керек деген де бар.Жыл басында бірін-бірі көріп үлгермеген алыстағы туыс-туған жыл ортасына дейін кездесіп, көрісе береді. Бұл – ұрпақты татулық пен бауырмалдыққа тәрбиелеу, ізеттілік пен мейірімге баулу үрдісі

14 марта в Казахстане отмечают «Көрісу күні». Көрісу в переводе означает «свидеться». В этот день жители поздравляют друг друга с благополучным наступлением весны, говорят добрые пожелания, оказывают дань уважения старшему поколению. Если раньше эта дата была символична только для жителей западных регионов страны, то сейчас Көрісу күні обретает популярность во всех регионах Казахстана.«Көрісу,Амал мерекесі – древняя казахская традиция приветствия старших младшими, с просьбой благословения и долголетия. 14 марта, за неделю до Дня весеннего равноденствия – Наурыза, считается началом нового года, в этот день всем миром, аулом, люди выходят в красочных новых одеждах, приветствуют друг друга рукопожатием, произносят слова «Бір жасын құтты болсын»! При встрече, навещая друг друга, люди справляются о здоровье родных и близких, прощаются давние обиды и ссоры. После долгой зимней разлуки радуются встрече с родственниками, справляются о здоровье.  В этот день прощаются обиды и забываются ссоры.