Смит Энтони Д. Ұлттың этностық тамыры. — Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2020. – 388 бет.

«Ұлттың этностық тамыры» – халықтар мен этностар тақырыбында жазылған халықаралық деңгейдегі зерттеулердің іргетасына айналған ғылыми еңбек. Кітапта халықтардың шығу тегі мен ыдырауы, аман қалуы мен қазіргі заман көшіне ілесуінің түпкі себептері жан-жақты зерттелген. Халықтардың энтос ретінде бекуінің негізгі үш өзегі – халықты ұйыстыратын діні, тілі және атамекенінің ықпалын егжей-тегжейлі зерттей келе, тарихтан ойып орын алған немесе аты мәңгіге өшкен халықтардан мысал келтіреді. Небір сын сағатты бастан өткерген этностар генеалогиясына үңіле отырып, этни, этнос, ұлт ұғымына жеке-жеке тоқталады.