Саптық әндер байқауы өтті 23.10.2015 Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында күндізгі оқыту факультетінің 3 курс тыңдаушыларының арасында саптық әндер байқауы өткізілді. Саптық әндер байқауының негізгі мақсаты тыңдаушылардың мәдени сапасын дамыту, қазақстандық патриоттық сезімге баулу, қоғамдық жұмыстардың маңыздылығын көрсету болып табылады. Аталмыш байқауға 3 курс тыңдаушыларының сегіз саптық тобы қатысып, өз біліктілік көрсеткіштерін барынша көрсетті. Саптық байқаудың ұйымдастырушысы 3 курс бастығының орынбасары полиция капитаны Асхат Примкулов. Сайыстың қорытындысы бойынша жүлделі орындарды иеленген саптық топтар 3 курс бастығы полиция капитаны Василий Заварыконың арнайы грамоталарымен марапатталды. Бас жүлдені 302 оқу тобының тыңдаушылары қанжығасына байлады. II-III орындарды 301, 304 оқу топтарының тыңдаушылары өз араларында бөлісіп алды. Сайыс өте жоғары, кәсіби деңгейде өтті. Айжан Телемисова, Манар Қабай 3 курстың 303 топ тыңдаушылары