Ата — аналардың қатысуымен қоғамдық тыңдау 01.02.2020 2020 жылдың 31 қаңтарда жалпы заң пәндері кафедрасының оқытушыларымен А. Ақылбекова және А. Бузаканованың бірлесіп «Жасөспірімдерге арналған полиция академиясы» жобасының аясында Қостанай қаласының №20 орта мектебінде «Ата-ана мен баланың азаматтық заңнамасына сәйкес құқықтары мен міндеттері» тақырыбы бойынша ата — аналардың қатысуымен қоғамдық тыңдау өтті. Мақсаты: тақырыптың мазмұнына байланысты ата-аналардың азаматтық жауаптылығын, қоғам алдындағы міндеттерін түсіндіру. Ата-аналарды балалардың құқықтарымен таныстыру және бала алдындағы міндеттерін айтып кету, бала мен ата-ана арасындағы түсінушілікті, сыйластықты нығайту. Ата — аналардың қатысуымен қоғамдық тыңдау жоғары дәрежеде өтті. Жалпы заң пәндері кафедрасының оқытушысы, полиция майоры А. Ақылбекова