Қуанышты жаңалықпен бөлісуге асықпыз! 25.11.2019 ҚР ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында әр аптаның дүйсенбі күні оқу ордамыздың алаңында жеке құрам, профессорлық-оқытушылық құрам, күндізгі және сырттай оқыту факультетінің курсанттары мен арнайы бастапқы оқыту курсының тағылымдамашылары бір адамдай сап түзеп тұрады. Дәл осы күні Академия бастығы полиция полковнигі Н.Биекенов бір апта аралығында спорттық іс-шараларға белсене ат салысып, жетістіктерге жеткен курсанттарды құттықтады.