Кітапханаға саяхат 13.11.2019 Ағымдағы жылғы қараша айының 7 жұлдызында 209- оқу тобы Қостанай қаласының қалалық кітапханасына барып қайтты. Іс-шара Қостанай қаласының белгілі ақындарымен кездесу ретінде өтті. Негізгі мақсат жастардың рухани байлығын арттырып, олардың кітап оқуға деген құшатарлығын ояту, білім азығын толтыру болып табылады. Іс-шарада бұрыңғы жылдардың естеліктерін қайталап, өткен тарихқа көз жүгірттік. Тарихқа сенсек жолы ауыр болып саналатын ақындық оңайлықпен келмейтіні белгілі болды. Ақындар курсанттарға ақыл-кеңесін айтып, біздің тек отан сақшылары ғана емес, одан бөлек рухани байлығы қаныққан курсант болуымыз керектігін есімізге салды. 209-топ кураторы полиция майоры С.Танатаровтың жетекшілік етуімен осындай керемет ісшаран көріп қайттық. 2 курс курсанты полиция қатарындағы А. Бакбаева