Академиядағы Жайдарман сайысы

Бүгінде жалынды жастардың басын қосқан «Жайдарман» әзілқойлар мен тапқырлар сайысы жастардың сүйіп көретін және сүйсіне ойнайтын әзіл алаңына айналды.
Ағымдағы жылдың 17 қазанында ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының акт залында арнайы бастапқы оқыту курсының тағылымдамашылары мен күндізгі оқыту факультетінің 2, 3, 4 курс курсанттары арасында «Ел ертеңі – жалынды жастар!» тақырыбында көңілді тапқырлар клубының ойыны өтті. Бұл жастардың қызығып ойнайтын, көпшіліктің тамсана тамашалайтын ойындарының бірі болып табылады.
Жайдарман ойыны алдымен командалардың өзара таныстыруынан басталды. Аталған ойын барысында командалар өз өнерлері мен шеберліктерін, жақсы дайындықтарын көрермендерге көрсетті.
Әділ-қазылар алдында 5 команда өз өнерлерін паш етті. Олар: «Жаңа бастама», «Наборсыздар», «F4», «ВВ ұрпақтары» және «Великие войны». Ойын сәлемдесу және биатлон сайысынан тұрды. Бұл жолғы ойын басқа бағытта, басқа ойындардан өзегеше өтті деуге болады. Курсанттардан құрылған командалар ойында тапқырлықтарымен көзге түсіп, бақтарын сынады. Сонымен қатар командалар акт залында толы отырған көрермендермен де әртүрлі бағыттарда ойындар ойнады. Ал, көрермендер мен қолдау білдіруге келген курсанттар барынша командаларға шабыт беріп, оларды қолдап отырды.
Әділ- қазылар алқасы командалардың тапқырлықтарына, білімдеріне қарап, әділ бағаларын берді. Ойын соңында, 3-орынды «ВВ ұрпақтары», 2- орынды «Великие войны», 1-орынды «F4» иеленді.
«Үздік ойыншы» номинациясында «F4» командасының ойыншысы Ринат Берікханов пен «ВВ ұрпақтары» командасының ойыншысы Садық Рауан марапатталды.
Ойынның соңында командалар естелікке суретке түсті. Академиямыздың өнерлі де тапқыр курсанттары әрқашан биік шыңдардан көріне берсін!

Баспасөз қызметінің баспасөз хатшысы