Қысқы киімнен жазғы киімге көшу жұмыстары

Академия ұжымымен сәуір айының 11-ші жұлдызы күні қысқы киім үлгісінен жазғы киім үлгісіне көшу жұмыстары жүргізілді.Сол мақсатпен Академия басшылығы курсанттардың қысқы киім үлгісінен жазғы киім үлгісіне ауысуына бұйрық шығарды. Бұйрыққа сәйкес 1 курс курсанттары да жазғы  киім үлгісіне ауысып, 248 курсант киіммен қаматамсыз етілді. Болашақ жастардан бастау алатындықтан олардың денсаулығы, келешек өмірі, офицерлік жолы академиямен тығыз байланысты болмақ. Сол себепті қазірден бастап дұрыс киінуді,оған қарама-қайшылықтар келтірмеуді курс басшылары түсіндіріп өтті. Болашағы зор, саналы заман құруы үшін ең алдымен тәртіп сақшыларына дұрыс бағдар мен жол көрсетілуі қажет.  Міне бізде осы мақсатта жұмыс жасап, құқық бұзушылықты болдырмауға тырысамыз. Мұндай нәтижеге жету үшін алдымен өзімізден бастауымыз керек. Білімді де кәсіби  қызметкер болу осындай киім қағидаларын сақтаудан басталатыны анық. Егер де саламыздағы әр полиция маманы жарғы бойынша белгіленген заңды сақтайтын болса, нұр үстіне нұр жауар!













1 курс курсанты полиция қатарындағы Бакбаева Аида