Наурыз мерекесі 22.03.2019 Наурыз – шығыс елдерінің бүкілхалықтық мейрамы, Ұлыстың ұлы күні. Наурыз шығыс халықтарында жыл басы мерекесі ретінде тойланып, ерекше күн ретінде аталып өтіледі. Қазақ халқы да Наурыз мерекесін айрықша бағалап, оны жыл сайын тойлап отыруды салт-дәстүрге айналдырған. Аталған мерекеге орай ҚР ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының күндізгі оқыту факультетінің 2 курсының 203 тобымен «Наурыз мейрамын» тойлау мақсатында 2019 жылдың 22 наурызында Қостанай қаласының орталығына шықтық. Онда топтың курсанттары Наурыз мерекесіне орай ұйымдастырылған мерекелік спорттық іс-шараларға қатысып жүлделі орынға ие болды. Сонымен қатар мерекелік наурыз көжеден дәм татып, жақсы әсермен оралды. 203 оқу тобының кураторы полиция капитаны М.Қалқаманұлы