Мен жастарға сенемін!

Мағжан сенген болашақ ел жастары,

Ұлы тарих үлкен өмір дастаны.

Қайран жастық қайратты да жігерлі,

Күлтегіннің жазуындай тастағы.

Тарихыңды жалғайтын да жастарың,

Ерте өсіп, ер атанар қасқағым.

Сендер жетіп, алмайтұғын қамал жоқ,

Бірлікпенен қосылса егер бастарың.

Ертеңгі елдің болашағы біз жастар,

Өс, өркенде, өнеге болып жүр достар.

Қазағыма нұрын шашар күн болып,

Биік шың бол, алып тұлға бір  асқар.

Жастар жылы деп атады Елбасым,

Биылғы жыл бір ерекше болғасын.

Жас буындар күш- жігерін ендеше,

Қазақстан дейтін елге арнасын.

2 курс курсанты

полиция қатарындағы

Ерболат Лашын