Мамандық таңдау тек болашаққа үңілу емес, ол өзінің жан-дүниеңе үңілу…

Мамандық таңдау жас шағында қабылдайтын ең маңызды шешімдерінің бірі болып табылады. Қуанышы да, ауыртпалығы да мол үлкен өмірге енді аяқ баспалы тұрған жас жеткіншектің алдында көп деген мамандықтың оқу орындарының ішінен өзіне лайықты біреуін таңдау қажет. Әр адам өз қабілетіне, икемділігіне қарай психологиялық тұрғысын есепке ала отырып, мамандық таңдайды.
Елбасымыздың жастарға қояр талабы – білікті кәсіби маман болу. Біздің Академиямыздың ең басты міндеті — қазіргі қоғамға сай мамандарды даярлау болып табылады. Қазіргі уақытта біздің Академиямызда талапкерлерді қабылдау кезеңі жүргізіліп жатыр.
2018 жылы 22 шілде күні психологиялық жұмыс орталығының қызметкерлері полиция майоры А. Досмаилова және полиция капитаны
В. Касенова, тәрбие жұмысының инспектор-психологы полиция майоры
С. Байгабулова және психология және педагогика оқытушысы полиция капитаны Ж. Руденко талапкерлерімен психологиялық жұмыс жүргізді. Жұмыс барысында талапкерлердің жан-күйлерін сұрап, қолдау сөздер айтылып, әңгімелесу өтті. Одан басқа, таңдаған мамандығының ерекшелігін ескере отырып, полиция қызметкері мамандығына психологиялық деңсаулық және физиологиялық даярлықтың сәйкес болу қажет екенін түсіндіру мақсатында тренинг-жаттығулар жүргізілді.
Талапкерлер өз кезегінде, «полиция қызметкері» деген мамандық қандай талаптарды талап ететін түсініп, өз сезімдерін жеткізді.
Психологтар болашақ өмірлеріне сәттілік тілей отырып, мамандық таңдауда өздерінің жан-дүниесіне үңілуді ұсыныс жасады.



Психологиялық жұмыс орталығы