Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының бастамасын қолдап, «StreetWorkout KZ» спорттық шарасына қатысып, жүлделі болды

Жақында Астананың төрінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек  Мұхамедиұлының қолдауымен республикалық «StreetWorkout KZ» спорттық конкурстың қорытынды кезеңі болды. Осыдан бір айдан астам уақыт бұрын Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек  Мұхамедиұлы барша бұқара халыққа  «StreetWorkout KZ» спорт түрімен  шұғылдану туралы бейнежазба эстафетасын жариялаған болатын. Осы спорттық шараға республикамыздың түкпір-түкпірінен және АҚШ, Қытай елдерінен 167 өтінім келіп түсті. Аталмыш үміткерлердің ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының ұжымы да бар.

 Спорттық шараның гала концерті Астананың 20 жылдығына орай, Астана қаласындағы «Этноауыл» ұлттық-мәдени кешенінде еліміздің өнер және спорт жұлдыздарының және Министрдің қатысуымен өтті.

Гала концертке Қостанай академиясының бастығы полиция генерал-майоры Мирлан Ахмедияұлы Қызылов пен  спорттық шараға жауапты, әрі жаттықтырушы полиция капитаны Аян Шаймұханов қатысып, Министрдің алғыс хатын алды.

Жарысқа қатысушылардың арасында еліміздің жұлдыздары Серік Сәпиев, Әділ Ахметов, Қайрат Нұртас, Денис Тен, Галиб Джафаров, Қанат Ислам, Жақсылық Үшкемпіров, Юрий Мельниченко, Нұрбақыт Тенизбаев, Асет Иманбаев, Ардақ Назаров, Мөлдір Әуелбекова болды.

Міне осындай салмағы жоғары ұлттық — бұқара халықтың арасынан ойып тұрып орын алған спорт түрі қазіргі уақытта жастар арасында кеңінен танылып қызығушылық тудыруда.

Жарыста мыңның арасында суырылып шыққан 10 мың дауыс жинап  ең үздік ролик  атанған ақтаулық Эльдар Ягьеяевке жарысты ұйымдастырушы Мәдениет және спор министрлігінің атынан сыйға тартылған  StreetWorkout спортымен шұғылдануға арналған кәсіби алаң салынатын болады. Ал арнайы 500000 теңге Оңтүстік-Қазақстан облысы Мақтаарал ауданының тұрғыны Азамат Сапар тарту етілді. Одан кейін белсенділік танытқаны үшін белгілі әнші Мөлдір Әуелбековаға да арнайы сыйлық тарту етті. Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы «Ең үздік командалық бейне-ролик» номинациясы бойынша марапатталды.

Осындай ұмытылмас сәтте Академия полиция генерал-майоры Мирлан Қызылов өзінің жүрек — жарды лебізін, Министрдің және барша халықтың алдында былай;

«-Біздің Ішкі істер министрлігінің Қостанай Академиясы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының үндеу қолдап, барша қазақстандықтарды осы челленджге қатысуға және спортпен шұғылдануға шақырады. Біздің академияда спорттың әртүрлі 10 түрімен (самбо күресі, жауынгерлік күрес, қазақ күресі, еркін күрес, қоян-қолтық күрес, жеңіл атлетика, баскетбол, волейболжәне футбол) айналысады.

Спорт – мемлекеттің мәртебесін, ұлттың намысын айқындайтын көрсеткіш. Осы орайда, халықаралық аренада Қазақстан спортының беделі жыл санап көтеріле түскенін аңғара аламыз. Осының бір айшығы ретінде бүгінгі республикалық  StreetWorkout KZ-тің спорттық шарасына құрметті қонақ ретінде қатысып отырғанымызға өте қуаныштымын.

167 өтінім берушілердің ішіндегі ең мықты команданың ішіне еніп, мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедияұлының оң көзқарасына ілігіп, алғыс хат алғанымыз біз үшін үлкен жетістік.

Жалпы бұл спорттық шараны біз қашанда қолдап келеміз. Біздің мақсатымыз бізде оқып жатқан болашақ полицей қызметкерлерінің бойында күш, қайрат, төзімділік, ептілік және  жылдамдықтың қайнар көзін қалыптастырып, ойы ұшқыр, дене бітімі сау және рухани жағынан дамыған курсанттарды тәрбиелеу болып саналады.

Бұқаралық спорт түрі StreetWorkout KZ-тің бастамасынбірінші курсқа қабылданған курсанттардың бойына қалыптасыру бағытында оларға қызметтік қолданбалы спорттың 8 түрімен шұғылдануға жағдай жасаудамыз.

Елбасының қанатты сөзімен айтқанда «білімді, денсаулығы жақсы адам ғана жеңіске жетеді» дегендей, бізде бүгін көпшіліктің арасынан дара шығып, Астана төрінде  марапатқа ие болып отырғанымызға қуаныштымыз»,- деді.

Аламан жарысқа қатысып, жүлделілер қатарынан көріне білгенАкадемия ұжымын, басшылығын және еңбектеніп тер төккен курсанттарды осынай жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз. Алдағы уақыттада мұнанда биік шыңдардан көріне беруге тілектеспіз.

 

Академияның баспасөз хатшысы Мейрам Оспанов