203-204 оқу тобы Мәдениет университеті аясында Қостанай қызмет көрсету саласының колледжінде болды

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы 2-курс курсанттары «Қостанай қызмет көрсету саласының колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорында дастарханды қалай әрлеу керектігі жөнінде мәдениет университетінің кестесіне сай тәжірибелік сабақ өткізілді. Курсанттарға дастархан қалай дұрыс жайылу керектігі жөнінде қызықты дәріспен біріктіре отырып ақпараттар берілді.

Алдымен столға жайылатын дастархан жаймасын дұрыс таңдау және сәндеп ыдыс аяқты қоюды көрсетті. Жайма столдың әр бұрышына тең жайылуы керектігі және ашық классикалық түс таңдалуы керек екенін көрсетті. Столға алдымен ыстық тағамға арналған үлкен тәрелке, оның үстіне одан кішірек екінші тағамға арналған және салатқа арналған тәрелке қойылатынын көрсетті. Десертке арналған тәрелке және шанышқы, қасық түрлерін қалай қою және пайдалануын айтып өтті.

Майлықтарды тәрелкеге әдемілеп қоюдың түрлерін: роза, шырша, орхидея кейпінде әрлеп безендіруді көрсетті.

Жалпы курсанттарға шығу сабағы ұнады және қызықты ақпараттар алды. Дастарханды дұрыс және әдемі әрлеу тәсілдерін үйретті.




Рахметкали Анаргул

2 курс курсанты

полиция кіші сержанты