Академияның 1-курс магистранты, әділет аға лейтенанты Жанар Нуркасова жекпе-жек сайысы бойынша халықаралық турнирден 1 орын алды 14.05.2018 2018 жылдың 10-12 мамыр аралығында Ақмола облысы Щучье қаласындағы Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласының 20 жылдығына арналған ҚР ІІМ ҚАЖ комитеті төрағасының кубогіне ерлер мен әйелдер арасында жекпе-жек сайысы бойынша ІІ халықаралық турнир өтті. Бұл турнирге Ресей Федерациясы, Белоруссия, Қырғыз Республикасының және Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарының 130-ға жуық спортшы қатысып, жүлделерді өзара сарапқа салды. Осы сайысқа Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы атынан ғылыми-педагогикалық магистратурасының 1-курс магистранты, әділет аға лейтенанты Жанар Нуркасова 45 келі салмақ дәрежесінде қатысып, 1-ші орынға ие болып чемпион атанды. Жарыстан жүлделі оралған жеңімпазымызды Академия бастығы полиция генерал-майоры Мирлан Ахмедияұлы Қызылов қабылдап, жүлделі жеңіспен Жанар Нуркасованы құттықтады. Магистратура