8-наурыз мерекесіне арналады

 Мен қазақтың қызымын, орта жүзбін,
Келеді білім көлде жиі жүзгім.
Ата-баба дәстүрін сақтау міндет,
Жаңғыртамыз әлі талай батыр ізін.

Ұлы ақыны қазақтың Абай анық,
Ер жеткізген Зере әже қолына алып.
Баян сұлу, қыз Жібек, Еңліктерің,
Қылғызған жігіттерді талай ғашық.

Тұмарымыз кешегі өткен Томиристің,
Ұрпағымыз Әлия мен Мәншүктердің.
Тарихымның төрінен орын алған,
Сақталар жадымызда ерліктерің.

Азаттықты аңсаған талай қазағым,
Желтоқсанның татып ащы азабын.
Жас жанын қиып, әділдікті ту еткен,
Батыр қыздар — Сабира мен Ләззатым.

Осындай Әпкелер бар қазақ елім,
Жалындап қорғап кеткен байтақ жерін.
Бүгінде біз олардың ұрпағымыз,
Болашақ құқық қорғар Офицерін.

Академиядан аламын білім ерен,
Көңілдерге ізгілік гүлін төгем.
Құттықтаймын қыздар мен апайларды,
Гүл мереке әйелдер күніменен.

Құтты болсын көктемгі бұл мереке,
Бұл көктемде көп болсын гүлдер өте.
Құттықтау сөз жырымды аяқтаймын,
Бәріңізге тілеп мен құт береке.

(Мұратбекова Айгерім)

8 — наурыз Халықаралық әйелдер мерекесімен әлемнің барша аруларын құттықтаймын. Көктемнің алғашқы мерекесі, бұтақтар бүршік атқан мезгілде бүгінгі керемет мерекенің тойлануы әйел азаматшаларын еркелеткендей. Осындай тамаша мереке қарсаңында, Академияның 3-курс бастығы 3-курс қыздарын арнаулы атағымен, грамотамен және алғыс хаттармен марапаттады.

3 — курс курсанты
полиция қатарындағы
А. Мұратбекова