7 мамыр – Отан қорғаушылар күні

1992 жылдың 7 мамырында Елбасының Жарлығымен тәуелсіз Қазақ елінің Қарулы күштері құрылған болатын. Армиямыздың құрылған күні тек кәсіби мереке ретінде ғана аталып өтілетін. Ал, 2012 жылы Мәжіліс депутаттары аталмыш күнге мемлекеттік мереке мәртебесін беру туралы заң жобасын мақұлдаған сәттен бастап, 7 мамыр халықтық мерекеге айналды.
Осы мереке қарсаңында, 2020 жылдың 6 мамырында ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының профессорлық-оқытушылық құрамы мен қызметкерлері қызметтік міндеттерін адал атқарып, қызметте көрсеткен жетістіктері үшін Ішкі істер министрінің құрмет грамотасымен, арнайы атақпен, «Ішкі істер органдарының үздігі» II дәрежелі медальдарымен және Академия бастығының алғыс хаттарымен марапатталды. Сондай-ақ Академия қызметкерлері Қазақстан Республикасының Мемлекеттік марапаттарымен де марапатталды, бұл оқу ордамыз үшін қуанышты сәттердің бірі.
Бұл мереке – батылдық пен ерліктің, Отанға деген сүйіспеншілік пен адалдықтың, қайсарлық пен қайраттылықтың белгісі. Сіздер сияқты ержүрек ерлеріміз Отанымыздың тыныштығын күзетіп тұрғанда еліміздің болашағы әрқашан жарқын боларына кәміл сенімдіміз.
Сіздерді 7 мамыр — Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Еліміздің өркендеуі жолында атқарып жатқан игі қызметтеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, мол бақыт және бейбіт ғұмыр тілейміз.

Баспасөз қызметі