Көркем әдебиетті насихаттау және курсанттарды кітап оқуға баулу мақсатында Академия кітапханасында «Әдебиет толқынында» атты әдеби клубы құрылды. Әдеби клубтың ережесіне сәйкес клуб өз жұмысын жүзеге асырады. «Әдебиет толқынында» әдеби клубтың жұмыс жоспары мен өзіндік эмблемасы бар.
2024 жылдың 5 маусымында клубтың бірінші кеңейтілген отырысы өтті, оны клубтың ұйымдастыру комитеті, кітапхананың ең белсенді оқырмандары, сонымен қатар 108 взвод курсанттары өткізді. «Әдебиет толқынында» әдеби клубының алғашқы отырысы Шерхан Мұртазаның «Қызыл жебе» кітабының тұсаукесеріне арналды. Клубтың ұйымдастыру комитетінің мүшелері З.Мұратова, А. Сурағанова Ш.Мұртазаның өмірі мен шығармашылығы туралы бейнематериалдар, сонымен қатар «Қызыл жебе» романының жазылу тарихы туралы мәліметтер дайындады. С.Нұргүл жиналғандарды романның қысқаша мазмұнымен таныстырып, оқырмандар назарын кейіпкердің балалық шағы мен отбасы тәрбиесінің маңызды сәттеріне, Т.Рысқұлов кейіпкерінің қалыптасуы мен қоғамдық іс-әрекетіне не әсер еткеніне, осы арқылы XX ғасырдың бірінші жартысындағы адамдардың тағдырын көрсетті.
Баян-Сұлу Салмурзаева мен Адина Сұрағанова курсанттарымыз романнан үзінді орындап, шығарманың басты кейіпкерлерінің арасындағы диалогты сезіммен тыңдады. «Қызыл жебе» романы туралы әңгімелер 1 курс курсанты Д.Смайловтың орындауында домбыра әуенімен қосылды.
Ш.Мұртазаның «Қызыл жебе» кітабы тұсаукесерінің қорытындысын үйірме жетекшісі, әдебиет пәнінің мұғалімі А.Манатова қорытындылады. Әдеби клубтың кеңейтілген отырысының соңында, кітапханашы Қ.Арғынғазина жиналғандарды 2024-2025 оқу жылына арналған клуб отырыстарында жоспарланған іс-шаралардың тақырыптарымен таныстырды, сондай-ақ курсанттарды сан алуан көркем әдебиеттерді оқуға, әдеби клуб жұмысына белсенді қатысуға шақырды.


С целью популяризации художественной литературы и привлечения курсантов к чтению при библиотеке Академии создан литературный клуб «Әдебиет толқынында». Работу литературного клуба осуществляет организационный комитет согласно Положения о деятельности клуба. Литературный клуб «Әдебиет толқынында» имеет План работы и свою эмблему. 5 июня 2024 года прошло первое расширенное заседание клуба, осуществленное организационным комитетом клуба, членами которого являются наиболее активные читатели библиотеки, а также аудитория из курсантов 108-го взвода. Первое заседание литературного клуба «Әдебиет толқынында» было посвящено презентации книги Шерхана Мұртаза «Қызыл жебе». Членами оргкомитета клуба З.Муратовой, А.Сурагановой были подготовлены видео материалы о жизни и творчестве автора книги Ш.Мұртаза, а также информация об истории написания романа «Қызыл жебе». С.Нұргүл ознакомила присутствующих с кратким содержанием романа, акцентируя внимание читателей на важных моментах детства и семейного воспитания главного героя, о том, что повлияло на становление характера Т.Рыскулова и его общественной деятельности, через судьбу которого показана трагическая участь народа в первой половине XX-го века.
Эмоционально прозвучал отрывок из романа – диалог главных героев произведения в исполнении курсантов Салмурзаевой Баян-Сулу и Сурагановой Адины. Рассказы о романе «Қызыл жебе» сопровождали мелодии домбры в исполнении курсанта 1 курса Смаилова Д..
Итоги презентации книги Ш.Мұртаза «Қызыл жебе» подвела руководитель клуба – преподаватель литературы А.Манатова. В завершение расширенного заседания литературного клуба библиотекарь К.Аргингазина ознакомила присутствующих с тематикой мероприятий, планируемых на заседаниях клуба на 2024-2025 учебный год, а также призвала курсантов к чтению разноплановой художественной литературы, а также активному участию в работе литературного клуба.