Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінде жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай «XX ғасырдың 20-50 жылдарындағы Қазақстандағы жаппай саяси қуғын-сүргін тарихы: жаңа мұрағат материалдары және зерттеулер» атты дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар факультетінің деканы, тарих ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор м.а. А.Табулденов, ӘГҒ факультетінің тәрбие ісі жөніндегі деканының орынбасары, гуманитарлық ғылымдар магистрі Р. Жусупов, әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессордың м.а. С.Исмаилов, ҚР ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының жалпы білім беретін пәндер кафедрасының бастығы Д.Тойматаев және ЖББП каферасының аға оқытушысы Т.Аргимбаев және ЖОО-ң оқытушылары мен студенттері қатысты.
Дөңгелек үстел барысында тарихи маңызды оқиғалар талқыланды, бірлескен ғылыми жобаларды дамыту, өзара тәжірибе алмасты, сонымен қатар студенттердің қойылған сұрақтарына жауап берілді.