Халықаралық жоғалған балалар күні қарсаңында ҚР ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының тәрбие және кадр жұмысы бөлімінің аға инспектор-психологы полиция подполковнигі Сауле Байгабулова ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімшесімен бірлесе, кәсіби даярлық факультетінің 1 курс курсанттары үшін Академияның оқу залында Қостанай облысының «Регион-10», «Барс», «ДОС» іздестіру-құтқару жасақтарының еріктілерімен және Қостанай қаласы ПБ КПБ КІБ бастығы полиция майоры Жандос Кенжебековпен кездесу ұйымдастырылды. Ж.Кенжебеков өз сөзінде еріктілер мен полиция қызметкерлерінің өзара іс-қимылының маңыздылығын атап өтті. Кездесу барысында еріктілер өз ойларымен бөлісті. Сонымен қатар еріктілер өмірі мен қызметі туралы бейнеролик көрсетілді.