Бірінші «Халық Қаһарманы» атағының иегері, тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш қорғаныс министрі, Қарулы күштердің құрылуы мен қалыптасуында аса маңызды рөл атқарған алғашқы армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовке 100 жыл.
1924ж.25 мамырында Ақмола облысы Ақкөл ауданы бұрынғы Трудовое, қазіргі Еңбек ауылында дүниеге келген. Кішкентай кезінен жетім қалған оны және әпкелерін Сағит ағасы асырап, әке-шешесінің орнын басты. Соғыс жылдары алғашқылармен майданға аттанған ағасы, көп ұзамай Псков қаласындағы шайқаста қаза табады. Жеңістен кейін батальонның жеке құрамы мемлекеттік маңызы бар маңызды объектілерді күзету міндеттерін орындады. 20 жасында оған Кеңес Одағының Батыры атағы беріліп, «Алтын жұлдыз» табыс етілді. 1945ж. сәуірде жасаған ерлігі мен батылдығы үшін ол екінші мәрте Кеңес Одағының Батыры атағына ұсынылды, алайда майор Нұрмағамбетов Қызыл Ту орденімен марапатталды.

1991ж. Мемлекеттік қорғаныс комитетінің төрағасы, ал 1992ж. Қазақстанның Қорғаныс министрі болып тағайындалды.
1994ж.«Алтын Жұлдыз» табыс етіліп, «Халық Қаһарманы» атағы берілді. Оның қаламынан туындаған «Лицом к огню», «Мой передний край» және т.б. естелік кітаптары бар.
Бүгінде оның есімі Қазақстан қалаларының көшелеріне және әскери оқу орындарына берілген, батырдың құрметіне ескерткіштер, мемориалдық тақталар орнатылып, мұражайлар ашылды. Сағадат Қожахметұлының бюсті Мәскеудегі ҰОС Орталық музейі Қасіретке тағзымға қойылған. Ол жайлы Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» «Сағадат Нұрмағамбетов. Соңғы сұхбат» атты фильм түсірген болатын. Фильм 2016ж. Севастопольде өткен ХІІ Халықаралық деректі фильмдер мен телебағдарламалар кинофестивалінде үздік портреттік очерк сыйлығын жеңіп алған.