Бүгін Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей ерлік көрсеткен адаммен кездесу өтті. Кәсіби даярлық факультетінің 1- курс курсанттары Қазақстан Республикасы ТЖМ Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» №5 өрт сөндіру бөлімінің командирі, азаматтық қорғау прапорщигі Владимир Михайлович Беляковпен кездесті. Тұрғын үйдегі өртті сөндіру кезінде ол төрт адамның өмірін құтқарды, олардың арасында бала да болды. Ерлігі мен батылдығы үшін Владимир Михайлович «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды.
Батырдың әңгімесі болашақ құқық қорғау органдарының қызметкерлері үшін өз еліне және адамдарға қызмет етудегі ең жарқын үлгі болды. Сонымен қатар іс-шараға ТЖД ресми өкілі азаматтық қорғау капитаны Аязбек Искаков қатысты.
Қостанай академиясының Имидждік жұмыс және ішкі коммуникациялар бөлімінің бастамасымен Отан қорғаушылар күніне орай ерлік сабағы өтті.



Сегодня в стенах Костанайской академии МВД Республики Казахстан имени Шракбека Кабылбаева прошла встреча с человеком, чей подвиг был отмечен Президентом Республики Казахстан Касым-Жомартом Токаевым. Курсанты 1 курса факультета профессиональной подготовки встретились с командиром отделения пожарной части №5 «Службы пожаротушения и аварийно-спасательных работ» Департамента по чрезвычайным ситуациям Костанайской области МЧС Республики Казахстан, прапорщиком гражданской защиты Владимиром Беляковым. Во время тушения пожара в жилом доме он спас жизни четверых человек от неминуемой гибели, среди которых был ребенок. За отвагу и мужество Владимир Михайлович награжден медалью «Ерлігі үшін».
Рассказ героя стал для будущих сотрудников правоохранительных органов ярчайшим примером в деле служения своей стране и людям. В мероприятии также принял участие официальный представитель ДЧС капитан гражданской защиты Аязбек Искаков.
Урок мужества был проведен в честь Дня защитника Отечества по инициативе отдела имиджевой работы и внутренних коммуникаций Костанайской академии.