Қостанай облыстық Ы. Алтынсарин мемориалдық музейінде 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай «Ел үмітін ер ақтар» атты кездесу өткізілді. Іс-шараға Қазақстан Республикасы ІІМ Ш. Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының 1 курстың 101 тобының курсанттары мен кураторы полиция аға лейтенанты Алмат Оразов қатысты. 
Бұл мереке – батырлық пен қайсарлықтың, Отанға деген шексіз махаббаттың нышаны. Ел басына күн туғанда етігімен су кешіп, елі үшін жанын пида еткен қайсар халықтың бүгінгі ұрпағы – Отан алдындағы жауапкершілікті толықтай сезінуі тиіс. Бұндай тағылымды іс-шараның жастарға берері мол .