Бүгін төрт курсанттың ата-анасы ҚР ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында оқып жатқан балаларының өмір сүру және оқу жағдайларымен танысты. Олар жатақханаларды, асхананы, мұражайды, кітапхананы аралап, оқу корпустарының рекреацияларынан өтті. Курсанттардың ата-аналарымен Академия бастығы полиция генерал-майоры Ақынқали Дәрменов кездесті. Ол ата-аналар тарапынан оқу орнына көрсетілген көңіл үшін ризашылығын білдіріп, алдағы уақытта өзара іс-қимыл мен бірлескен жұмысқа үміт артатынын жеткізді.
— Академияның да, балаларымыздың да хәл-жағдайы сіздің де белсенді қатысуыңызға тікелей байланысты, өз тарапымыздан сіздердің барлық ұсыныстарыңызды, ескертулеріңізді тыңдап, олар бойынша тиісті шаралар қабылдауға дайынбыз. Біздің басты мақсатымыз — жоғары оқу орнының қабырғасынан лайықты әрі білікті мамандарды шығару, — деп қорытындылады өз сөзін Академия бастығы.
Курсанттардың ата-аналары өз кезегінде білім ордасының басшылығына қонақжайлылығы үшін алғыстарын білдірді.





Сегодня родители четверых курсантов по своей инициативе побывали в Костанайской академии МВД РК имени Шракбека Кабылбаева, чтобы ознакомиться с условиями проживания и обучения своих детей, постигающих азы полицейской профессии. Они посетили общежития, столовую, музей, библиотеку, прошли по рекреациям учебных корпусов. С родителями курсантов встретился начальник Академии генерал-майор полиции Акынкали Дарменов. Он выразил признательность за внимание, оказанное со стороны родителей учебному заведению и выразил надежду на дальнейшее взаимодействие и совместную работу.
— Сейчас многое зависит от вашего активного участия в жизни Академии, мы готовы выслушать все ваши предложения, замечания и принять по ним соответствующие меры. Наша главная цель – выпустить из стен вуза достойных и компетентных специалистов,- заключил свою речь начальник Академии.
Родители курсантов, в свою очередь, выразили благодарность за гостеприимство руководству вуза.