Халықаралық пробация сарапшысы және Орталық Азиядағы есірткі және қылмыс бойынша БҰҰ өкілдерінің қатысуымен шолу миссиясының үшінші күні Қостанай академиясында «Бостандыққа шыққаннан кейін сотталғандарды, соның ішінде Қостанай облысында экстремистік және террористік қылмыстар жасағаны үшін сотталғандарды әлеуметтік қайта қалпына келтіру: проблемалары мен болашағы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шарада пробация қызметкерлері мен жергілікті полиция қызметкерлерін оқыту мәселелері және сотталғандарды әлеуметтік қайта қалпына келтіру туралы пікір алмасу, сонымен қатар аталмыш тақырыпта латвиялық әріптестердің тәжірибесі қарастырылды.
Қостанай академиясының Эстремистік идеологияға қарсы іс-қимыл бойынша ҚАЖ мамандарын даярлау орталығы ұйымдастырған дөңгелек үстелге мемлекеттік органдардың да өкілдері қатысты.
Дөңгелек үстел «Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғаннан кейін экстремистік және террористік бағыттағы қылмыстары үшін сотталғандарды, оның ішінде шетелдік террорист-содырларды қоса қадағалау және пробациялау» бағдарламасын жүзеге асыру аясында, АҚШ-тың Терроризмге қарсы бюросы, Мемлекеттік департаментігің қаржылай қолдауымен ұйымдастырылды.




В третий день обзорной миссии с участием международного эксперта УНП ООН по пробации в Костанайской академии состоялся круглый стол посвященный теме: «Социальная реинтеграция осужденных после освобождения, в том числе осужденных за преступления экстремистской и террористической направленности в Костанайской области: проблемы и перспективы».
На мероприятии состоялся обмен мнениями по вопросам подготовки сотрудников пробации и участковых полицейских, рассмотрен опыт работы Латвии по социальной реинтеграции осужденных. В работе круглого стола, организованным Центром подготовки специалистов УИС Костанайской академии, приняли участие представители государственных органов.
Круглый стол состоялся в рамках реализации программы «Надзор и пробация осуждённых за преступления экстремистской и террористической направленности, включая иностранных боевиков-террористов после освобождения из мест лишения свободы», при финансовой поддержке Контртеррористического Бюро, Государственного Департамента США.
UNODC in Central Asia