ІІМ Қостанай академиясының қызметкерлері Қостанай қаласындағы Б.Момышұлы атындағы №5 кадет мектебінің оқушылары үшін іс-шара өткізді.
Іс-шара аясында дене шынықтыру даярлығы кафедрасы 1-курс курсанттарымен жауынгерлік самбо, дзюдо, қоян-қолтық ұрыс бойынша спортшылардың көрсетілімін көрсетті.
Тактикалық-арнайы даярлық кафедрасының доценті полиция подполковнигі Р. Аужанов ІІМ Қостанай академиясына оқуға түсу шарттарын түсіндіріп, ЖОО туралы ақпараты бар буклеттер таратты. Сондай-ақ Академияда 2021 жылы қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан Ғ.Байтасов пен Д. Базарбаев атындағы атаулы аудиториялар ашылғанын айтты. Аталған аудиторияларда курсанттар мен тыңдаушылар үшін «Әкімшілік-құқықтық қызмет» оқыту бағыты бойынша сабақтар өткізіледі.
Сонымен қатар, іс-шара барысында Академия өкілдері «Жас сарбаз» сынып оқушыларына атақ беріп, салтанатты шеруге қатысты.
Іс-шараны имидждік жұмыс және ішкі коммуникациялар бөлімі ұйымдастырды.




Сотрудниками Костанайской академии МВД проведено выездное мероприятие для учащихся кадетской школы №5 г.Костанай имени Б.Момышулы.
В рамках мероприятия кафедрой физической подготовки курсантами 1-го курса продемонстрировано показательное выступление спортсменов по боевому самбо, дзюдо, рукопашному бою.
Доцентом кафедры тактико-специальной подготовки подполковником полиции Р.Аужановым были разъяснены условия поступления в Костанайскую академию МВД, розданы буклеты с информацией о вузе. Р.Аужанов рассказал, что в Академии в 2021 году открыты именные аудитории имени Г.Байтасова и Д.Базарбаева, погибших при исполнении служебных обязанностей. В данных аудиториях проводятся занятия для курсантов и слушателей по направлению обучения «Административно-правовая деятельность».
Кроме того, в ходе мероприятия представители Академии вручили звания учащимся классов «Жас сарбаз» и приняли участие в торжественном марше.
Мероприятие было организовано отделом имиджевой работы и внутренних коммуникаций.