15 ақпан — Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылған күні — бұл Ауған ардагерлерінің мерекесі және қаза тапқан барлық интернационалист жауынгерлерді еске алу және қайғыру күні. 10 жылға созылған Ауғанстанның қан майданына 620 мыңға жуық әскери қызметші қатысты. Олардың қатарында ҚР ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының бұрынғы қызметкерлері отставкадағы полковник Вячеслав Алексеевич Пряхин және отставкадағы подполковник Сағынтай Төлешұлы Жасубиев болды. Олар ҚР ІІМ үшін жас қызметкерлерді оқыту мен тәрбиелеу ісіне 20 жылдан астам уақыт бөлді. Вячеслав Пряхин Академия бастығының көмекшісі қызметін атқарды, Сағынтай Жасубиев қылмыстық құқық және жазаны орындауды ұйымдастыру кафедрасының аға оқытушысы болып жұмыс істеді. 14 ақпанда олар Ауғанстаннан әскерлердің шығарылғанына 35 жыл толуына орай елордалық салтанатты түрде өтетін іс-шараларға қатысты.
Қостанай академиясының басшылығы, Ардагерлер кеңесі, жеке құрамы Вячеслав Алексеевич пен Сағынтай Төлешұлын атаулы күнімен құттықтайды. Сіздерге зор денсаулық, отбасылық амандық, ашық аспан тілейміз!

15 февраля – День вывода советских войск из Афганистана — это, и праздник ветеранов-афганцев, и день памяти и скорби обо всех погибших воинах-интернационалистах. За 10 лет войны через поле брани Афганистана прошло около 620 тысяч военнослужащих. В их числе воевали бывшие сотрудники Костанайской академии МВД РК имени Шракбека Кабылбаева полковник в отставке Вячеслав Алексеевич Пряхин и подполковник в отставке Сагынтай Толешевич Жасубиев. Более 20 лет отдали они делу обучения и воспитания молодых сотрудников для МВД РК. Вячеслав Пряхин занимал должность помощника начальника Академии, Сагынтай Жасубиев работал старшим преподавателем кафедры уголовного права и организации исполнения наказания. 14 февраля они принимают участие в столичных торжественных мероприятиях по случаю 35-летнего юбилея вывода войск из Афганистана.
Руководство, Совет ветеранов, личный состав Костанайской академии поздравляют Вячеслава Алексеевича и Сагынтая Толешевича со знаменательной датой. Желаем крепкого здоровья, семейного благополучия, мирного неба!