Жастар сарайында қазақ актёры, ұлттық театр өнерінің негізін қалаушылардың бірі, Қазақ АКСР-інің халық әртісі, жерлесіміз Елубай Өмірзақовтың туғанына 125 жыл толуына арналған «Өмірін өнерге арнаған» атты концерт өтті.
Аталған кешті Қостанай академиясының курсанттары тамашалады. Концертте әртістің өмір жолын баяндайтын деректі фильм көрсетіліп, ұлттық әндеріміз оркестрдің сүйемелдеуімен шырқалды. 
Е.Өмірзақов түрлі киноларға түсіп, 150-ден астам рөл ойнады. Драма театрында ойнаумен ғана шектелмей, радио мен филармонияға, эстрадалық концерттер мен кино өнерінің дамуына да қызу ат салысты. Халық өнерінің қайнар көзінен нәр алған Өмірзақов әйгілі халық батыры Амангелді Имановтың, сондай-ақ Жарас пен Дәркембайдың бейнесін шеберлікпен сомдады.



Курсанты Костанайской академии посетили концерт, посвященный 125-летию со дня рождения казахского актера, одного из основателей национального театрального искусства, народного артиста Казахской АССР, нашего земляка Елубая Умирзакова.
На концерте был показан документальный фильм, рассказывающий о жизненном пути артиста, прозвучали национальные песни в сопровождении оркестра.
Е. Умирзаков снялся в различных фильмах и сыграл более 150 ролей. Он не только играл в драматическом театре, но и принимал активное участие в эстрадных концертах и развитии киноискусства. Вдохновленный источником народного искусства, Умурзаков мастерски сыграл известного народного героя Амангельды, а также Жараса и Даркембая.