Қостанай академиясының алғашқы кәсіби даярлық факультетінің курсанттарын салауатты өмір салтына ынталандыру мақсатында тәрбие және кадр жұмысы бөлімінің аға инспектор-психологы полиция подполковнигі Сәуле Байғабулова оқу-саптық бөлінісімен бірлесе отырып, Қостанай облыстық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығы қызметкерінің қатысуымен іс-шара өткізді. Өз сөзінде ЖИТС орталығындағы профилактикалық жұмыс бөлімінің педагогы Серік Кадрон көптеген келеңсіздіктердің басты себебі көбінесе білмеушіліктен болатынын айтты. Сол себептен жастардың қажетті ақпаратты дер кезінде алып, денсаулық — ең басты құндылық екеніне тоқталып кетті.
Кездесу барысында АИТВ-инфекциясымен өмір сүретін адамдарға қатысты стигма мен кемсітушілік тақырыбы да көтерілді.
Шараға қатысушылар ЖИТС орталығы қызметкерінің арқасында АИТВ-инфекциясының жұғу, таралу жолдары және алдын алу шаралары туралы білімдерінің кеңейтілгеніне көздері жетіп, лекторға алғыс айтты. Шара барысында тыңдаушыларға ақпараттық-танымдық материал үлестірілді.

Для формирования мотивации у слушателей первоначальной профессиональной подготовки к здоровому образу жизни старший инспектор-психолог отдела воспитательной и кадровой работы подполковник полиции Сауле Байгабулова совместно с учебно-строевым подразделением провела мероприятие с приглашением сотрудника Костанайского областного центра по профилактике и борьбе со СПИД-ом.
В ходе своего выступления, педагог отдела профилактической работы Центра СПИД Серик Кадрон, отметил, что низкая осведомленность — основная причина большинства бед. Очень важно, чтобы молодые люди вовремя получили необходимую информацию и оставались здоровыми. Была затронута тема стигмы и дискриминации по отношению к лицам, живущих с ВИЧ-инфекцией. Участники мероприятия отметили, что благодаря сотруднику Центра СПИД расширили информированность по вопросам путей заражения, передачи и профилактики ВИЧ-инфекции.
В завершении слушателям, был роздан информационно-образовательный материал.