Қостанай академиясының курсанттары еліміздің көк туын желбіретіп жүрген спорт майталмандарымен кездесті.
Спорттың 11 түрінен ҚР спорт шебері, спорттың 4 түрінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері, ММА бойынша Әлем чемпионы, жауынгерлік самбодан Әлем жүлдегері, жауынгерлік самбодан Азия чемпионы Талғат Жиентаев, самбодан ҚР спорт шебері, Академияның 2018 жылғы түлегі, жауынгерлік самбодан Азия чемпионы, самбодан Әлем кубогының бірнеше дүркін чемпионы және жүлдегері Асқар Абдулла және Қостанай академиясының 2022 жылғы түлегі, бокстан және жауынгерлік самбодан СШҮ, полиция аға лейтенанты Евгений Иванов өздерінің спортқа қадам басқан жолдары жайында айтып, ағалық ақыл-кеңестерімен бөлісті.
Кездесу барысында курсанттар қызықтырған сұрақтарын қойып, пікір алмасты. Имидждік жұмыс және ішкі коммуникациялар бөлімі, дене даярлығы кафедрасы және оқу-саптық бөліністің ұйымдастыруымен өткен іс-шара курсанттардың бойында отансүйгіштік пен мамандығына деген адалдық қасиеттерін оятып қана қоймай, спортқа деген қызығушылықтарын арттырды.



Курсанты Костанайской академии встретились с известными спортсменами, выпускниками нашего вуза, которые прославляют Казахстан, завоевывая различные титулы мирового масштаба.
Мастер спорта РК по 11 видам спорта, мастер спорта международного класса по 4 видам спорта, чемпион мира по ММА, призер мира по боевому самбо, чемпион Азии по боевому самбо Талгат Жиентаев, мастер спорта РК по самбо, выпускник Академии 2018 года, чемпион Азии по боевому самбо, многократный чемпион и призер Кубка мира по самбо Аскар Абдулла и выпускник Академии 2022 года, КМС по боксу и боевому самбо, старший лейтенант полиции Евгений Иванов рассказали о своих спортивных достижениях, дали наставления курсантам.
В ходе встречи обучающиеся задавали вопросы и обменивались мнениями. Мероприятие, организованное отделом имиджевой работы и внутренних коммуникаций, кафедрой физической подготовки и учебно-строевым подразделением не только усилило у курсантов патриотические чувства и уверенность в правильности выбора профессии, но и повысило интерес к спорту.