Бүгін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік гимнің (мәтіні) авторы, көрнекті ақын, Қазақстан Жастар одағы сыйлығының иегері Жұмекен Сабырұлы Нәжімеденовтің туғанына 88 жыл.

1935 жылы 28 қарашада Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Қошалақ құмының Ашақ деген жерінде дүниеге келді.

1959-65 жж. «Жазушы» баспасында кіші редактор, 1965-66 жж. «Лениншіл жас» газетінің әдебиет және өнер бөлімінің меңгерушісі, 1966-71 жж. Қазақстан Жазушылар Одағында әдеби кеңесші болып қызмет атқарды.

Алғашқы өлеңі «Лениншіл жас» газетінде 1955 жылы жарияланды. Тұңғыш өлеңдер жинағы «Балауса» атпен 1961 жылы жарық көрді. Содан бергі уақыт ішінде ақынның «Сыбызғы сыры», «Өз көзімнен», «Жоқ, ұмытуға болмайды!», «Жарық пен жылу», «Күй кітабы», «Мезгіл әуендері», «Ұлым,саған айтам», «Қызғалдақ жайлы баллада», «Мен туған күн», «Жеті бояу», «Ашық аспан», «Темірқазық», «Қыран қия», «Менің топырағым», «Ұрпағым, саған айтам», «Мен тамырмын», «Қасірет пен қайсарлық», «Жаңғырық», «Менің Қазақстаным» атты өлеңдер мен поэмалар жинақтары жарық көрді. Үш томдық өлеңдер мен дастандар жинағы 1996-1997 жж. , екі томдық өлеңдер жинағы 2005 ж.жарық көрді. 2010 жылы XX ғасырдағы қазақ әдебиетінің озық үлгілі классикалық шығармаларының «Алтын қалам» сериясы бойынша өлеңдер мен поэмалар жинағы жарыққа шықты.

Ж. Нәжімеденов асқан күйші болатын. Оның «Күй кітабы» атты шығармасының негізінде 2006 жылы аудио-кітап жарыққа шықты.

2006 жылы ақынның өмірі және шығармашылық жолы туралы «Жұмекеннің жүрегі» деген естелік кітап жарық көрді.