Ұлттық валюта-теңге Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылғы 12 қарашадағы Жарлығымен мемлекеттік егемендіктің экономикалық негізін нығайту және Қазақстан аумағында республиканың тәуелсіз ақша жүйесін құру үшін айналымға енгізілді.
Атаулы күн қарсаңында Қостанай академиясы кітапханасының оқу залында «Теңге — Тәуелсіздік белгісі» атты кітап көрмесі ұсынылды.
Көрменің демонстрациялық материалдары Қазақстанның ұлттық валютасын енгізу қажеттілігіне әкеп соққан 90-жылдардағы күрделі экономикалық жағдай туралы баяндайды.
Көрмеде Қазақстан валютасының дизайн авторлары туралы, Англияда басылған Республика банкноттары номиналдарының бірінші сериясы туралы, 1995 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан Қазақстан Республикасының жеке Банкнот фабрикасының ашылуы туралы, Тәуелсіздік жылдарында біздің ұлттық валютамыздың өзгерістері туралы ақпарат бар.
Көрмеде Қазақстан Республикасының банкноттары бейнеленген көрнекі материалдар бар.



Национальная валюта – тенге была введена в обращение Указом Президента РК от 12 ноября 1993 года для укрепления экономической основы государственного суверенитета и создания независимой денежной системы республики на территории Казахстана.
В канун знаменательной даты в читальном зале библиотеки Костанайской академии была представлена книжная выставка «Теңге — Тәуелсіздік белгісі».
Демонстрационные материалы выставки повествуют о непростой экономической ситуации 90-х годов, повлекшее за собой необходимость введения национальной валюты Казахстана.
Выставка содержит информацию об авторах дизайна казахстанской валюты, о первой серии номиналов банкнот республики, которые были напечатаны в Англии, об открытии собственной Банкнотной фабрики Республики Казахстан, которая работает с 1995 года, об изменениях, которые претерпела наша национальная валюта за годы независимости.
Выставка содержит наглядные материалы с изображением банкнот Республики Казахстан.